Табысқа жеткен шаруалар аграрлық университет студенттері алдында өз тәжірибелерімен бөліспек

Елбасы Қазақстан экономикасында басымдыққа ие бағыттардың бірі – ауыл шаруашылығы екенін бір емес, бірнеше мәрте мәлімдеген болатын. Экономиканың  драйвері болуы тиіс бұл салаға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп келеді. Бұл тұрғыда агроөндірістік кешен үшін жоғары білікті кадрларды дайындау ісі – аса маңызды мәселе.
Кәсіби мамандарды даярлаумен 60 жылдан бері Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті айналысып келеді. Университет – Орталық және Солтүстік Қазақстанның ең ірі жоғары оқу орны.      
БАҚ назарына:
2017 жылдың 6 желтоқсанында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде (Астана қ., Жеңіс даң., 62) сағат 10:00-де «Табысқа жетудің жолдары» атты акция өтеді. Акция – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне және университеттің 60 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Шара ұйымдастырушылары – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Акция аясында Корпорациядан несие алып, ісін өрге дөңгелеткен үздік фермерлер ашық лекциялар оқып, өздерінің жинаған тәжірибелерімен бөлісетін болады.            

БАҚ өкілдерін тіркеу 2017 жылдың 5 желтоқсаны сағат 18:00-ге дейін
мына эл. пошта немесе телефондар арқылы жүргізіледі: bidossov.n@agrocredit.kz, tokhanova.G@agrocredit.kz, +77076937723, +77079685130

Back