Құрманов Рүстем Жомартұлы «ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды

Жалғыз акционердің 2018 жылғы 21 маусымдағы бұйрығымен «ҚазАгро» холдингі» АҚ жаңа Басқарма төрағасы болып Құрманов Рүстем Жомартұлы тағайындалды.  Құрманов Рүстем Жомартұлы – 1981 жылы туған, Солтүстік-Қазақстан облысы Новоишимск кентінің тумасы, экономикалық ғылым кандидаты. 
Еңбек қызметі:
—  2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы, басшысы қызметін атқарды;
—  2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестициялық саясат департаментінің директоры, басқарма бастығы;
—  2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы; 
—  2015 жылдан бастап «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры;
—  2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Back