«ҚазАгроКепіл» АҚ Басқарма Төрағасы тағайындалды

«ҚазАгроКепіл» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 12 шешімімен «ҚазАгроКепіл» АҚ Басқарма Төрағасы болып Мақаев Қайрат Әміржанұлы тағайындалды.
Қайрат Мақаев 1980 жылы 23 сәуір туылды. Жоғары экономикалық және аграрлық білімі бар.
        Еңбек қызметін екінші деңгейлі банкте бастаған. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ жүйесінде 2009 жылдан бастап жұмыс істейді.
2009 жылдан 2012 жылдар аралығында «ҚазАгроФинанс» АҚ орталық аппаратының бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарынан аймақтық филиалдар мен өкілдіктер басшысы қызметтерін атқарған.
        Холдингтің өзінде бірнеше өзекті департаменттердің директоры лауазымдарын атқарып, 2012 жылдан бастап жұмыс жасаған.
Сонымен қатар, әр түрлі уақыттарда «ҚазАгро» АҚ «Қазагромаркетинг», «Аграрлық  несие корпорациясы» сияқты еншілес акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесінің мүшесі және «KazMeat» ЖШС қадағалау кеңесінің төрағасы қызметтерін қоса атқарды.
2017 жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін «ҚазАгро» холдингінің Корпоративтік басқаруды дамыту департаментінің директоры лауазымын атқарды.
«ҚазАгроКепіл» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы Гүлназ Атамқұлова жаңа Басқарма Төрағасын ұжымға таныстырғанда: «Қайрат Мақаев – өз мансабын аймақтық аппаратта да, орталық аппаратта да жұмыс атқарып төменнен бастаған жоғары білікті маман. Оның бүгін тағайындалуы – «ҚазАгро» өз мамандарын өсіруінің көрсеткіші. «ҚазАгроКепіл» АҚ жаңа басшысының алдында, жүзеге асырылуы қазақстан аграриясына ғана емес,  жалпы елімізге маңызды үлкен міндеттер тұр. Ауыл бизнесін кепілдендіру және сақтандыру – аргоөнеркәсіп кешенін дамытудың маңызды бөліктерінің бірі», - деп атап өтті.


Back