«ҚазАгро» Холдингі. Электронды түрде өтінімдерді тапсыру туралы фермерлерге үндеу

Құрметті фермерлер!  
«ҚазАгро» Ұлттық холдингінің еншілес компаниясы Аграрлы несие корпорациясы /АНК/ E-KazAgro интернет порталы арқылы электронды үлгіде несие алу өтінімдерін қабылдайды. Бұл не үшін керек?
      Өздеріңіз білетіндей, несие өтінімін тапсыру қажетті құжаттарды жинаумен байланысты бірнеше міндетті рәсімдерден тұрады. Облыс орталықтарынан алшақ орналасқан шаруашылықтар үшін АНК филиалына жету ондаған, кейде жүздеген километр қашықтықтан өтуді, сондай ақ қаржы және уақыт шығындарын талап етеді. Уақыт пен қаражат үнемдеу үшін Сіз несие өтініміңізді https://credit.kazagro.kz/  сілтемесімен «E-KazAgro» порталы арқылы АНК-на жібере аласыз. 
        Несиелендіруге қол жеткізуге дәстүрлі «қағаз» тәсілімен жібергеннен Порталдың артықшылығы неде? Өтінімді қолжетімді ғаламтор бар кез келген жерден, тіпті ауылдағы өз үйінен де жібере алады. Порталда Сізге қажетті қызметтер бойынша ақпаратпен және қажетті құжаттардың толық тізімімен таныса аласыз. Әр фермер үшін порталда Жеке кабинет жасалады, кабинет арқылы өз несие менеджеріңізден барлық сұрақтарыңызға жауап пен қосымша  ақпарат алуыңызға болады. Сол жеке кабинетіңізде өз өтініміңіздің қозғалысын, яғни қай деңгейде қарастырылып жатқандығын, мерзімдерін бақылай аласыз. Егер өтінімді тапсыру барысында Сізде сұрақтар туындаса порталдағы on-line-көмекшіге жүгінуіңізге немесе 8 800 080 89 87 нөмірі бойынша тегін Call-орталығына хабарласуыңызға болады.
          «ҚазАгро» Порталы арқылы өтінімдерді қабылдау несиелендіру барысын қолайлығын және айқындығын қамтамасыз етумен қатар бюрократиялық көріністерді және жемқорлық факторларын азайтады. 
        «ҚазАгро» Холдингі жаңа бағытта жұмыс істеу барысында жүйе қызметінде кейбір «ағаттықтардың» болуын толығымен түсінетінін атап өткен жөн. Мұндай мәселелер кез келген жаңадан енгізілген бағдарламаларда болуы мүмкін. Осы орайда сұрақтар тек қана ағаттықтарға немесе жүйені жетілдіруге қатысты емес, сондай ақ, несиелендірудің дәстүрлі әдісіне үйреніп қалған шаруалардың мұндай жаңалыққа дайын еместігінен де туындауы мүмкін. «ҚазАгро» Холдингі енгізілген жаңа мүмкіндіктегі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұрайды және барлық мәселелердің уақытылы шешіліп, жойылатынына сенімді. 
      E-KazAgro https://credit.kazagro.kz/ Порталында төменде орналасқан «Қолданушы нұсқаулығы» бөлімінде Порталмен жұмыс бойынша барлық нұсқаулықтар суреттелген видео-құрал енгізілген. 
      Холдингтің Порталы бойынша несиелендіруге өтінімдерді тапсыру үшін міндетті түрде электронды цифрлық қол /ЭЦҚ/ және сканерленген құжаттар болуы міндетті. Дегенмен, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ЭЦҚ алу көп уақыт талап етпейді, ал бір рет сканерленген құжаттардың көшірмелері несиелендіруге  алдағы кезде де құжат тапсыруға қажет болады. Өтінім бойынша енгізілген барлық ақпарат Порталда сақталып, келесі тапсырғанда автоматты түрде қолдануға м үмкіндік бар. 
      Портал жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз бен кеңестеріңізді support_ssokz@kazagro.kz немесе 8 (7172) 705 620, ішкі 1702 /«ҚазАгро» Холдингінің кеңсесі/ нөміріне жолдауларыңызға болады. 
 

Back