Ауылшаруашылық кооперативтер үшін кепілдіктер бойынша маңызды жеңілдік енгізілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ бірігіп, жаңадан құрылып жатқан ауылшаруашылық кооперативтері үшін кепілдік жүктемені азайтатын механизм қарастырды. Сүт қабылдау бекеттері мен мал сою бекеттері үшін модульдік құрал-жабдықтар немесе сүт тасымалдайтын көлік, рефрижератор сатып алатын жағдайда кооперативтер кепілдікке несиелік қаржыға сатып алынатын мүлікті қоя алады.
         Ауылшаруашылық бизнесті дамыту үшін жеңілдетілген несие алуда ең басты мәселе – кепілдікке қойылатын мүлік екені ешкімге де құпия емес. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» кепілдік ретінде жылжыйтын және жылжымайтын мүліктің барлық түрлерін алады, оның ішінде ауылды жерлердегі үйлер мен жер телімдері де алынады.
«Ынтымақ» несиелік өнім аясындағы ет, сүт, жеміс-көкөніс және басқа да өнім бойынша сервистік-дайындау және қайта өңдеу ұйымдарын құру жөніндегі кооперативтерге несие беру қарастырылған. 50 миллион теңгеге дейін несиелер 7 жылға дейін мерзімге жылдық 6 % үстемемен беріледі.
         -  Егер кооператив сүт қабылдау бекеті немесе мал сою бекетіне арналған модульдік құрал-жабдықтарды, сүт тасымалдау көлік немесе рефрижератор сатып алатын болса, кепілдікке сол несиелік қаражатқа сатып алынатын құрылғылар/техника қоя алады, – дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Думан Оспанов.
Енгізілген кепілдік механизмі келесі. Кооператив қаржыландыру бойынша өтінімді, құжаттар топтамасын және модульдік бекет/техника сатып алу-сату туралы келісімді Қорға тапсырады.
Қор қаржыландыру туралы шешім қабылдап, несиелік желіні ашу туралы шектік келісім жасайды.
Кооператив қаржыландыру туралы шешімді, шектік келісімді және Инвестициялық шығындарды субсидиялау Ережелеріне сәйкес құжаттар топтамасын Ауыл шаруашылық басқармасына тапсырады.
Басқарма жанындағы Комиссия өтінімді мақұлдау туралы шешім шығарып, кооперативпен Инвестициялық субсидиялау келісім-шарты мен мақсатты пайдалану туралы келісім жасайды. Ауыл шаруашылығы басқармасы модульлдік бекет/техника бағасының 50 % құрайтын сомадағы субсидияны Қордың арнайы шотына аударады.

Субсидия түскеннен кейін Қор кооперативпен Бірінші траншті төлеу туралы келісім-шартты жасап, модульдік бекет/техника бағасының 50 % жеткізушіге аударады. Жеткізуші модульді құрастыруға кіріседі.
Модульдік бекет/техника жеткізілгеннен кейін кооператив пен жеткізуші тапсыру-қабылдау актіне қол қойып, барлық қажетті құжаттарды толтырады.
Кооператив құжаттардың толық топтамасын Ауыл шаруашылығы басқармасына субсидияны қарызды мерзімнен бұрын өтеуге жіберу туралы шешім алу үшін жүгінеді.
Қор кооперативпен Жеткізушіге екінші траншты аудару туралы келісім-шарт, Модуль/техниканы кепілдікке қою келісім-шарт жасап, жеткізушіге орнатылған құрылғы/техника бағасының қалған 50 % аударады. Сонымен қатар, арнайы шоттағы субсидия кооперативке берілген несиені жарым-жартылай, мерзімнен бұрын өтеуге бағытталады.
-    Міне, осылай мемлекет кооперативтің инвестициялық шығындарын субсидиялау жолымен модульдік бекет/техника бағасының жартысын өзі  жабады, - дейді Думан Оспанов. – Жалпы, осы жылы республикалық бюджет пен Қордың өз қаржысынан ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне несиелеуге 39 миллиард теңге бағытталады деп жоспарланған.
Анықтама үшін: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады.
2007 жылдан бастап «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ құрамына кіреді. Қордың миссиясы – ауылдық кәсіпкерлікті дамыту, ауылды жерлерде тиімді шағын несиелеу жүйесін дамыту арқылы халықтың хал-ауқатын арттыру.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі
Тел. 8 /7172/ 678 250


Back