ҚАГ ө/ш міндетті сақтандыруға қолдау көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын басқару бойынша агент болды

Астық және май дақылдарының белгілі бір түрлерін және мақта мен қант қызылшасын өсіретін ауыл шаруашылығы өндірушілерінің мүліктік мүдделерін қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғау мақсатында, 2004 жылы Қазақстанда «Өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру туралы» заңы қабылданған болатын.
Заңға сәйкес жоғарыда аталған дақылдарды отырғызғаннан кейін, фермер оларды сақтандыру компаниясында немесе өзара сақтандыру қоғамында (ӨСҚ) сақтандыруға міндетті. Сақтандыру жағдайы басталғанда, рәсімдер қатарынан кейін сақтандыру компаниясы/ ӨСҚ фермерге толық көлемде шығынды өтейді. Содан кейін осы төлемдерің 50% сақтандыру компаниясы/ӨСҚ бюджет қаражатын басқару бойынша агент арқылы бюджеттік ақшадан төлейді және осылайша өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды қолдау көрсетіледі.  
  2004 жылдан бастап 2012 жылға дейін Агент функцияларын «Ауыл шаруашылығына қаржылық қолдау көрсету қоры» АҚ орындаған болатын, 2012 жылдың шілде айынан бастап осы қызметті «Қазагромаркетинг» АҚ жүзеге асыратын.
2017 жылдың 6 қыркүйегінен бастап құқықтар мен міндеттемелерде тұлғалардың ауысуы туралы Келісім жасасқан болған, оған сәйкес Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға қолдау көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын басқару жөніндегі агент функциялары «Казагромаркетинг» АҚ-нан «ҚазАгроКепіл» АҚ ауысты.
«ҚазАгроКепіл» АҚ өкілдері осы күннен бастап комиссия құрамына кіреді, олар құрғақшылық, үсіп кету, су тасқыны, аңызақ, бұршақ, сел, жылудың жетіспеуі, жауын және т.б. сияқты  қолайсыз табиғи құбылыстардың нәтижелерінде егістер жойылуы алаңын және дәрежесін анықтау үшін шаруалардың егіндерге шығуларды жүзеге асырады.  
Фермерлердің ысыраптары егіннің толық жойылуында да, ішінара ысыраптарында да сақтандыру компанияларымен/ӨСҚ өтеледі.  Сақтандыру жағдайы басталғанда, енді «ҚазАгроКепіл» АҚ бюджет қаражаты есебінен сақтандыру компанияларына/ӨСҚ сақтандыру төлемдеріне шығындардың  50% жауып тұрады.
«ҚазАгроКепіл» АҚ байланыс деректері: «ҚазАгроКепіл» АҚ  Сақтандыруды дамыту департаменті, Астана қ, Қабанбай Батыр көш., 17, 308 каб, тел. 8 (7172) 47-29-13.
Анықтама үшін:
 «ҚазАгроКепіл» 2003 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түліктік бағдарламасын іске асыру аясында коммерциялық емес ұйым түрінде құрылған болатын. Компанияның басты мақсаты АӨК субъектілерінің міндеттемелерін орындауды сақтандыру және кепілдендіру саласында аграрлық секторды хеджирлеу жүйесін дамыту болып табылады.   «ҚазАгроКепіл»АҚ-  «ҚазАгро» холдингінің еншілес ұйымдарының біреуі болып табылады және оның тікелей басқаруымен Қазақстанның барлық облыстарының 14 өкілдіктерінде өз қызметін іске асырады.  

«ҚазАгроКепіл» АҚ баспасөз хабарламасы
 Эльдар Курманбаев +7 707 555 91 03   e.kurmanbayev@agrogarant.kz   eldaradle@gmail.com

Back