«ҚазАгро» холдингі» АҚ 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын несиелеуді жалғастырады

    «ҚазАгро» холдингі» АҚ 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде АӨК субъектілерін несиелеуді жалғастырады 
        Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының жалғасы болып табылады, оған «ҚазАгро» холдингі 2013 жылдан бері қатысады.  Бағдарламаның операторлары Холдингтің еншілес компаниялары – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (Корпорация) және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ. 
        Бағдарламаның мақсатты тобы – елдің жұмыссыз азаматтары, өздерін жұмыспен қамтушы тұрғындар, ауылшаруашылық кооперативтері мен оның мүшелері, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілері, осы ретте өтінімдерді қарастыру кезінде басымдылық кооперативтерге беріледі. Бағдарламаның ерекше шарттары жобалар санының  20%-ы ауылдағы стартап жобаларды құрайды, ал енді 20%-ы – ауылдық жерлердегі ауылшаруашылығынан тыс бизнес жобалары.   
 «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген шағын несиелер 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі, мал шаруашылығы саласындағы жобаларға және ауылшаруашылық кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – жылдық   6%-дан аспайды.  Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар үшін ауылшаруашылық саласындағы жобаларға шағын несиелердің көлемі 19 млн.теңгеге дейінгі соманы құрайды, осыған ұқсас  – ауылшаруашылығына жатпайтын бизнес түрлері үшін 3 млн.теңгеге дейінгі несие қаражаты бөлінеді. Несиелер мал шаруашылығына, өсімдік шаруашылығына, сондай-ақ ауылдық жерлердегі бизнестің ауылшаруашылығынан тыс түрлеріне берілетін болады. 
           2017 жылы 28,9 млрд.теңгеге 6 582 несие берілді, оның НС және ШҚҰ арқылы 12,2 млрд.теңге сомасына 1944 несие берілді. Берілген несиенің жалпы көлемінің 56%-ы немесе 16,2 млрд.теңге сомасына 4 276 несие стартап-жобаларға тиесілі болды. 
           2018  жылы Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша несиелеуге 44,7  млрд.теңге бағыттау және АШТӨ кемінде 290 кепілдік беру жоспарланады. Атап айтқанда, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Еңбек» бағдарламасы бойынша ауылдағы кәсіпкерлікті қолдауға 27,2 миллиард теңге бағыттауды жоспарлайды.   Салыстыру үшін, өткен жылы Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға Қормен 16,6 млрд.теңге бөлінді. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдайда Қормен аталған бағдарлама аясында 10,1 млрд. теңге сомасына  2 835  қарыз берілді. Соның ішінде «Бизнес-Бастау» бағдарламасына қатысушы 4,2 млрд. теңгеге 1315 жоба қаржыландырылды. 
           Екінші оператор – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қатысты, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасына 2017 жылы бөлінген ақша қаражаты есебінен Корпорациямен жалпы 2,4 млрд.теңгеге 453 несие берілді, оның ішінде 520 млн. теңге     «Бизнес-Бастау» бағдарламасына қатысушы 113 жобаға берілді.
Қазіргі уақытта Холдингпен еншілес оператор компаниялары арқылы  шамамен 12,5 млрд.теңге сомасына жалпы 3288 несие берілді  (немесе қаражаттың жоспарлы көлемінің      28 %  игерілді).
            Ағымдағы жылдың аяғына дейін Холдингтің еншілес ұйымдарымен  Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты толық игеру жоспарланады. Несие қаражатының көмегімен 2481 адам жұмыспен қамтылғанын атап өту маңызды.
 

Back