«Агро PR» байқауының ережесі

1.    Байқаудың ұйымдастырушысы,  мақсаты мен міндеті

«ҚазАгро» ұлтық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Холдингтің 5 жылдығына орай, агроөнеркәсіп кешені саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы үздік материалдарға «Агро PR» (бұдан әрі – Байқау) байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауындағы агроөнеркәсіп кешеніне қатысты тапсырмаларын жүзеге асырып жатқан мемлекет жұмысын халыққа кеңінен насихаттау.
Байқау міндеті еліміздің агроөнеркәсіп кешені саласын дамыту мақсатында холдингтің атқарып жатқан жұмысы мен агроөнеркәсіп саласындағы жетістіктерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап жүрген журналистер мен мақала авторларын марапаттау болып табылады.   

2.     Байқауға қатысушылар

Байқауға республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен мақала авторлары, телестудиялар, ақпарат агенттіктері, ақпараттық веб-порталдар қатыса алады.

3.    Байқаудың тақырыбы және материалдарға қойылатын талаптар

Байқаудың тақырыбы – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүргізудегі мемлекеттің жұмыс нәтижесі мен агроөнеркәсіптік кешендегі жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың іске асуын баяндау.
Байқауға қатысушыдан бір ғана өтінім қабылданады.
Байқауға – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған материалдар қабылданады.
Байқауға ұсынылған материалдар келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
•    ұсынылған тақырыпқа сәйкес болу;
•    тақырыптың айғақтылығы және оны ашу тереңдігі;
•    баяндаудың  айқындылығы, дәлдігі және қонымдылығы;
•    2011 жыл ішінде аталған тақырыпты жүйелі түрде жариялай білуі     (2007-2010 жылдар аралығында жарық көрген материалдар қосымша қабылданады).

4.    Байқау номинациялары

•    1-жүлде;
•    Екі 2-жүлде;
•    Үш 3-жүлде;
•    Төрт ынталандыру номинациясы.

5.    Байқауға қатысуға өтінімді ұсыну тәртібі және мерзімі

Байқауға, 2011 жылғы 1-ші қаңтар мен 30-шы қараша аралығында жарық көрген немесе эфирде көрсетілген, ғаламторда жарияланған    басылымдық материалдар, телевизиялық және радио сюжеттер, бағдарламалар мен өзге де материалдар қабылданады.
Өтінімдерді  қабылдау  – 2011 жылғы 1-ші желтоқсан күні аяқталады.  
Өтінімдерді қарастыру және байқау қорытындысын жариялау – 2011 жылғы 9-шы желтоқсанға дейін.

6.    Өтінім үлгісі

Байқау қатысушылары бекітілген үлгіге  (Қосымша 1) сәйкес өтінімді, сондай-ақ байқау материалдарының көшірмелерін ұсынады. Баспа материалдары газет кесінділері немесе мақалалар көшірмесі түрінде, электрондық материалдар – сайтқа міндетті сілтемені көрсетумен Word форматында, телевизиялық және радио материалдар - DVD-дискілерде жіберіледі. Телевизиялық және радио материалдар үшін эфирлік анықтаманың болуы міндетті.

7.    Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау

Байқау жеңімпаздары құрамы Холдинг басқармасының төрағасы бекіткен байқау комиссиясының шешімімен анықталады.

8.    Өтінімдер және байқау жұмыстары мына мекенжайға жіберілсін:

010000,  Астана қ.,  Республика даңғылы, 24, «Парасат» бизнес-орталығы,  «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, баспасөз қызметі,  304-кабинет немесе  электрондық пошта (сканирленген құжаттар): Туржанова Галия [ Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript ]

«Агро PR» байқауына қатысу үшін өтінім


© Барлық құқықтары қорғалған 2010-2011
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
Developed by
2B Studio