Web Content Display

 

 

Web Content Display

Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы

Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары

 

1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

«Қайнар» университетін (1999 ж.), Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университетін (2004 ж.), Академиялық инновациялық университетін (2012 ж.) тәмамдаған.

Еңбек қызметін 2003 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттер мәселелері жөніндегі проректоры қызметінен бастаған.

2004-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халықаралық құқық департаментінің жетекші маманы қызметін атқарған.

2007-2010 жж. - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ менеджері, бас менеджері, Басқарма мүшесі - Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі.

2010-2011 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.

2011-2012 жж. - «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығының Бас директоры.

2012-2013 жж. - «ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС директоры.

2013 жылдың қазан айынан 2014 жылғы наурызға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры қызметін атқарған.

2014 жылдың наурызынан бастап – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары.