Web Content Display

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені ел экономикасында маңызды рөлге ие. Оның дамуы елдің тұрақты дамуын теңестіріп, еңбек өнімділігін  арттырады және халықтың негізгі бөлігінің өмір деңгейінің жақсаруын қамтамасыз етеді.  Қазіргі кезде елімізде 2021 жылға дейін қарастырылған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы қарқынды екпінмен жүзеге асырылуда.

Бағдарламаны жүзеге асырудан түсетін жоспарлы тиімділік:

  • еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін 1 адамға 1,2 млн. теңгеден 3,7 млн. теңгеге дейін ұлғайту.
  • ауыл шаруашылығы өңделген өнім экспортын 945,1 млн. АҚШ долларынан 2 400 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайту
  • саланың негізгі капиталына инвестициялар түсімін 2021 жылға қарай  2017 жыл деңгейіне қарағанда 2,5 есе ұлғайту;
  • тартылатын кредит қаржыларының көлемі 2021 жылға қарай 2017 жыл деңгейіне қарағанда 9 есе ұлғайту.

Міндеттер:

  1. Азық-түлік қауіпсіздігі, өткізу нарығына қолжетімділік және экспорттық әлеуетті дамыту;
  2. Жер және су ресурстарын пайдалану тиімділігі;
  3. Аграрлық ғылымды дамыту, технологиялар трансферті, техникалық жарақтандырылу;
  4. Сандық технологиялар арқылы сапалы мемқызметтер.

2027 жылға дейінгі АӨК-ді дамытудың ұзақмерзімді салалық бағдарламасы:

1. Етті мал шаруашылығы;

Өндірістің ішкі мүмкіндіктері мен сыртқы нарықтың әлеуетін салыстыру және талдау негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі  ұзақмерзімді келешегі болып ет мал шаруашылығы табылып отыр.


Бұл модель Қазақстанның нақты ерекшеліктері мен көшпелі отарлы мал шаруашылығы дәстүрлері  негізінде қабылданған:

  • 180 млн. га жайылым (соның 58 млн. гектары қолданыста);
  • ауыл халқының 3,8  млн. адамы еңбекке қабілетті (соның 1,3 млн адамы ауылшаруашылығында жұмыспен қамтылған);
  • жылына 2 млн тоннадан астам жалпы импортты құрайтын негізгі дамушы нарыққа жақындық;

2. Сүтті мал шаруашылығы;

 

Сүт өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту, ішкі нарықты қорғау, мемқолдау арқылы биоқауіпсіздік тәуекелдерін төмендету: несиелер бойынша % төмендету, жанама субсидиялау және қаржыландыру мерзімдерін ұзарту.

3. Құс шаруашылығы;

Қолданыстағы мемлекеттік қолдау механизмдерін жетілдіру арқылы сәйкесінше құс еті мен жұмыртқа  экспортының 150 мың тоннаға дейін және 1500 млн данаға дейін өсуі. 

4. Суармалы жер;

Жайылымды тиімді пайдалану, жемшөп өндірісін дамыту үшін суармалы жайылым көлемін ұлғайту.

5. Өсімдік шаруашылығы

Дамыған өсімдік шаруашылығы  жемшөп базасын, соның ішінде, суармалы жайылымды дамыту үшін шексіз әлеуетке ие ( 2021 жылға қарай суармалы  жер ауданы 2 млн гектарға дейін, 2030 жылға қарай 3 млн. гектарға дейін жеткізілетін болады).

Міндеттер: дән-дақылдар сапасын жақсарту және минералдық тыңайтқыштарды өсімдік шаруашылығына енгізу, сондай-ақ,  суармалы жерлерді қарқынды кіргізу және ылғалдыресурсжинақтаушы технологияларды енгізу.

6. E-АӨК

7. Шошқа өсіру шаруашылығы

Салалық бағдарламаны жүзеге асыру келесі мүмкіндікті береді:

  • 600 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарының ашылуына;
  • айналымға қосымша 50 млн.га жайылымды енгізуге;
  • сиыр және қой өндірісін 600 мың тоннадан 1,6 млн тоннаға дейін ұлғайту;
  • ІҚМ етін экспорттау бойынша 5 көшбасшы-елдер қатарына кіру;

импортқатәуелділік позициялары бойынша өндірістің қосымша көлемі:

  • сүт өнімі, құс еті, жемістер мен көкөністер, қант – 1 млрд. доллардан астам.

Бұл қаражаттар ауылшаруашылығы техникаларын жаңартуға және салаға заманауи технологияларды енгізуді ынталандыруға бағытталмақ.