Web Content Display

Журналистер арасындағы «Кооперация – ауыл болашағы» атты байқау жарияланды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі 2017 жылы 1 ақпанда жарияланған Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту тақырыбындағы журналистер арасындағы конкурсқа материалдар қабылдайды.
Конкурстың мақсаты – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңаруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында айтылған міндеттерді және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауылдағы жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ақпараттық қолдауға бағытталған БАҚ-ның ең үздік жұмыстарын анықтау.
Конкурстың басты міндеттерінің қатарында – ауылшаруашылық кооперациялары туралы оң көзқарас қалыптастыру және республиканың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Қазақстанның аграрлық саласында болатын процестер туралы ақпаратпен көмек көрсету.
Конкурсқа республикалық, және аймақтық БАҚ өкілдері, штаттық – штаттан тыс журналшылар, сондай-ақ Интернет-БАҚ өкілдері қатыса алады.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілетін болады: БАҚ баспасы (газеттер, журналдар), Радио ТВ, Интернет-БАҚ (соның ішінде Ақпараттық агентсттік).
Қатысуға өтінімдер мен конкурстық материалдарды беру 2017 жылғы 10 маусымға дейін (сағ. 18:00-ге дейін) мынадай электрондық поштада қабылданады:  pressminagri@gmail.com. Салмағы 25 мегабайттан асатын материалдар – бұлтты сервистер арқылы жолданады: Google Drive, Облако.Mail.ru, Yandex.Диск, және басқалар.
Конкурске 2017 жылғы 1 қаңтардан 10 маусымға дейінгі аралықта жарияланған материалдар қатысады.

 

Ереже.docx

«Кооперация – ауыл болашағы» конкурсы  жеңімпаздарының тізімі.docx