Web Content Display

Web Content Display

Дәрібаев Мұрат Аманкелдіұлы

Басқарушы директор - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі

1971 жылы 11 маусымда туған

Үйленген, екі баласы бар.

Білімі:

Алматы автомобиль-жол институтын «автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған.
Басшылық лауазымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитетінде, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттікте, Индустрия және сауда министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК, Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінде, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, «Алматы» ӘКК» ҰК» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, Қостанай облысы және Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылғы 26 сәуірден бастап «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып сайланды.
Мемлекеттік награда - «Құрмет» орденімен марапатталған.