Web Content Display

Махажанов Даурен Сәбитұлы

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  Басқарма төрағасының орынбасары 

1980 жылы 19 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келді. 

Білімі

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистратурасын  бітірді.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

 

Еңбек қызметі

2001-2004. «Казкоммерцбанк» АҚ Петропавл филиалындағы жұмыс;

2004-2007. «АТФБанк» АҚ жұмыс;

2007-2008. «Альянс Банк» АҚ Корпоративтік қаржыландыру жөніндегі Астана қалалық филиалы директорының орынбасары;

2009. «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;

2009-2011. «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары; 

2011-2012. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы;

2012 жылғы қазанынан бастап. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  Басқарма төрағасының орынбасары.

Махажанов Д.С. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолду қоры» АҚ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

 

Наградалар:

«Ерен еңбегі үшiн» медалі