Web Content Display

Web Content Display

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының бұрынғы орынбасары

Егімбаева Жанна Дачерқызы

 

1953 жылы 12 мамырда РКФСР, Камчатск облысы, Карагинск ауданы Ивашка селосында туған.

 

 

 

Білімі

1980 жылы Талдықорған заң техникумын аяқтаған.

1988 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек қызметі

1971-1975 жж. – Семей сыртқы трикотаж фабрикасының тігінші-моторисі, Жамбыл аудандық тұрмыстық комбинаттың тігінші моторисі;

1975-1981 жж. - мұрағатшы, Жамбыл аудандық соты кеңсесінің бастығы, Алматы облыстық сотының сот отырысының хатшысы;

1981-1986 жж. – аға заң кеңесшісі, «Казглаввторресурсы» шарттық-құқықтық басқарма бастығы;

1986-1988 жж. – Алматы жөндеу-механикалық зауытының аға заң кеңесшісі;

1988-1991 жж. – бас заң кеңесшісі, ҚазССР Госснаб басқармасының шарттық-құқықтық басқарма бастығы;

1991-1994 жж. – Президент Аппаратының және Қазақстан Республикасы Министрлері Кабинетінің маманы, референті, бас референті, сарапшы, бас сарапшы, заң бөлімі секторының меңгерушісі;

1994-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Үкімет Аппаратының Құқықтық қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2002-2011 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Үкімет Аппаратының Құқықтық қорғау бөлімі меңгерушісі;

2011- 2016 жж. қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары.

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, құрметті атағы:

2008 жылы «Құрмет» орденімен, 2015 жылы «Парасат» орденімен, 2003 жылы Ерен еңбегі үшін медалімен, 2013 жылы Президенттің алғысымен төс белгісімен  марапатталды.

Үздік мемлекеттік қызметші.