Web Content Display

Web Content Display

«Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» ЗТҰ Кеңесінің төрағасы

 

Елемесов Асқар Раушанұлы

1968 жылы 17 қазанда РФ Мәскеу қаласында туған.

 

Білімі
1990 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін саяси экономика оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. Экономист;

1994 жылы Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетін бітірді (АҚШ), степень МВА дәрежесі (іскер әкімшілік ету магистрі).

 

Еңбек қызметі
1990-1992 жж. - "Казахинторг" РҰ жоспарлау-экономикалық бөлімнің аға экономисті; "Казахинторг" РҰ валюталық-қаржы бөлімінің аға экономисті;  "Казахинторг" РҰ валюталық-қаржы бөлімінің бас сарапшысы"; "Корус Интернешнл Ко ЛТД" фирмасы өкілдігінің бас директорының орынбасары.

1994 ж. қыркүйек – 1995 ж. ақпан  - «Қазкоммерцбанк» АБ халықаралық басқармасының несие желісі бөлімінің жетекші маманы; «Қазкоммерцбанк» АБ  Экономикалық талдау басқармасының болжамдық-аналитикалық бөлімінің бастығы;

1995 ж. ақпан - «Қазкоммерцбанк» АБ басқарма төрағасының кеңесшісі;

1996 - 1997 жж. - "Банк Каспийский" ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары;

1997 ж. тамыз - "БанкТұранӘлем" ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары;

1997 ж. қараша – 1998ж.  мамыр. – «Қазақстанның Халық Жинақтаушы Банкі»  АҚ қор операциялары департаментінің  директоры – басқарма төрағасының орынбасары;

1998 ж. мамыр – «Қазақстанның Халық Жинақтаушы Банкі»  АҚ  басқарма төрағасының орынбасары;

1998 ж тамыз - "ДБ Секьюритиз Казахстан" ААҚ брокер бөлімінің бастығы – вице-президент;

1999  – 2004 жж.  "ДБ Секьюритиз Казахстан" ААҚ президенті;

2004 -2006 жж. ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары;

2006 ж. ақпан – 2006 ж. қараша – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;

2006-2007 жж. – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;

2007-2008 жж. – Басқарма төрағасының кеңесшісі,  01.06.2007 ж. бастап Директорлар кеңесінің мүшесі  -  21.06.2007 ж. уәкілетті органмен келісілген,  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ  № 224 хаттамасы;

2007-2013 жж. Директорлар кеңесінің төрағасы - Председатель Совета директоров – 23.07.2007 ж. уәкілетті органмен келісілген,  02.06.2008 ж. № 368  хаттама, «Қазақстанның Үштік Диалогі» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі;

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» ЗТҰ Кеңесінің төрағасы;

2014 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор - 22.07.2014  жылғы «Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші» АҚ уәкілетті органымен келісілген;

2014 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін  - Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор - 03.11.2014 жылғы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының уәкілетті органымен келісілген.