Web Content Display

Бағдарламаның негізгі шарттары 

 

Қаржылай сауықтыру екі әдіспен жүзеге асырылады:

1. Несиелік және лизингілік міндеттемелерді қайтару мерзімін ұлғайту, төлемді өтеу тәртібі мен кезектілігін өзгерту, сыйақы ставкасын өзгерту арқылы қайта құрылымдау, сондай-ақ қарыз алушылардың несиелік және лизингілік міндеттемелерін өтеу бойынша жеңілдікті кезең беру.

2. Несиелік/несиегерлік және лизингілік міндеттемелерді қайта қаржыландыру – қарыз алушыларға жаңа мақсатты несиелер беру, немесе ұзақ мерзімді қайтару мерзімімен, сыйақының төменгі пайыздық ставкасымен және берешегін өтеудің жеңілдікті кезеңімен қосымша келісім жасау арқылы бұрын берілген несиелердің орнын ауыстыру. 

Қайта құрылымдауға және қайта қаржыландыруға қарыз алушылардың айналым қаражатын толықтыруға, айналым қаражатын сатып алуға, ауылшаруашылық және арнаулы техниканы, технологиялық және қайта өңдеуші жабдықтарды лизингке алуға арналған несиелік/несиегерлік және лизингілік міндеттемелері жатады. 

Қайта құрылымдауға және қайта қаржыландыруға 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған несиелік/несиегерлік және лизингілік міндеттемелер жатады. 

Қаржылай сауықтыру несиелік және/немесе лизингілік міндеттемелер бойынша олардың барлық қолданыстағы мерзіміне, бірақ 9 жылдан аспайтын мерзіміне сыйақы ставкасын субсидиялауды болжайды.

Сыйақы ставкасын субсидиялау қарыз алушылардың несиелік және лизингілік міндеттемелері бойынша оны жылдық 7%-ға және шетел валютасымен жылдық 5%-ға төмендету арқылы жүзеге асырылады.    

Сонымен бірге, Ережелерде қорландыру процессі көзделген. Қорландыру қаражатының көзі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (Қаржы агенті) болып табылады.   

Қорландыру қаражатын орналастыру бойынша сыйақы ставкасы теңгемен жылдық 10%-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді, оның 7%-ы мемлекетпен субсидияланады және шетел валютасымен жылдық 6%-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді, оның 5%-ы мемлекетпен субсидияланады.      

Қорландыру қаражатын қаржы агенті қаржы институттарына теңгемен жылдық 3%-дан аспайтын және шетел валютасымен 1%-дан аспайтын сыйақы ставкасымен орналастырылады, осы ретте  қарыз алушылардың қайта құрылған/қайта қаржыландырылған  шарттары бойынша сыйақы ставкасы несиелік және лизингілік міндеттемелері бойынша теңгемен жылдық 7%-дан аспайтын және шетел валютасымен 5 %-дан аспайтын болуы қажет.          

Ағымдағы жылы, аталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру үшін 14,7 млрд.теңге көзделген.  

Қаржылай сауықтыруға қатысу үшін олардың алдында берешектері бар қаржы институттарына хабарласу қажет.

Қаржылай сауықтырудың шарттары мен рәсімдері туралы толық ақпаратпен Ережелерге сәйкес электрондық адрестерде: www.minagri.gov.kz., www.kam.kz, сондай-ақ «Қазагромаркетинг» АҚ тегін телефоны арқылы танысуға болады: 8 800 080 70 80.