Құру тарихы 

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі (бұдан әрі - Холдинг) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №220 «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы №1247 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қаулысына сәйкес құрылған.

Холдингке Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 24 ақпандағы №748 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы №220 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығына және и Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы  №297 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы №1247 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қаулысына  сәйкес ұлттық басқарушы холдинг ат берілді.

Холдинг АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын ЕАҚ инвестициялық активтерін тиімді басқаруды және корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының АӨК дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатымен құрылған.

Холдингтің миссиясы нәтижелілік, ашықтық және холдингтің құрылымдарын тиімді корпоративтік басқару қағидаттарында АӨК индустриялық дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды стратегиялық жобаларының қаржылық операторы бола отырып, холдинг АӨК өндірістік, ақпараттық және сервистік инфрақұрылымын әрі қарай дамытуды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік және тартылған қаражатты қолжетімді, мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін болады.