АӨК экспорттық орталығы Ауғанстанға қазақстандық тауық өнімін жеткізуді ұйымдастыруға жәрдемдесті

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компания» АҚ Агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық орталығы (Экспорттық орталық) Ауғанстанға тауық жұмыртқаларын жеткізу бойынша экспорттық келісім шарттарды қолдау қызметтерін көрсету үшін қазақстандық «Хасиб кунаив» компаниясымен шартқа отырды.
       Жасалған шарт шеңберінде көрсетілген компанияның сұранысымен экспортты ұйымдастыру мақсатында Экспорттық орталық тауық жұмыртқасын экспортқа шығаруға мүдделі қазақстандық құс фабрикаларына, көлік компанияларына, сондай-ақ кеден өкілдеріне іздестіру жүргізді және ұсынды. Бұдан басқа, экспорттық кедендік баждар мен алымдардың әрекеттері мен қолданылуы, ветеринарлық-санитарлық қадағалаудың бақылауындағы өнімдерді экспорттауды рәсімдеу туралы түсіндірме ақпарат берілді.
          Бүгінгі таңда «Хасиб кунаив» ЖШС Алматы облысынан Ауғанстан Ислам Республикасына 16,8 тонна (288 000 дана) тауық жұмыртқасының алғашқы партиясын экспорттады. Ағымдағы жылдың аяғына дейін компания Қарағанды облысынан 67 тонна жұмыртқаны жөнелтуді жоспарлап отыр. 2018 жылы экспортқа жоспарланған өнімнің көлемі 7 000 тоннаны құрайды.

Анықтама
Экспорттық орталық Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ базасында құрылды.
Экспорттық орталықтың басты мақсаты:
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын және оны қайта өңдеу өнімдерінің көлемін ұлғайту.
Экспорттық орталықтың басты міндеттері:
- Сыртқы нарықта сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін экспорттық арналарды құру;
- Экспорттық келісім шарттарды жасасу және орындауда жекеше компаниялар мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жәрдемдесу;
- Өнімді экспорттау бойынша консультациялық қызметтер көрсету және экспорттық мүмкіндіктер жайлы ақпарат беру;
- Ішкі азық-түлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету (резервтік астық қорын сақтау).

Артқа