Астықты электрондық сатып алу бойынша жаттықтырушы семинар ұйымдастырды

2018 жылдың 4 қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК»  АҚ «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-мен бірлесіп, өңірдің ауылшаруашылық тауарларының өндірушілеріне (АШТӨ) астықты  электрондық сатып алу бойынша жаттықтырушы   семинар  ұйымдастырды.  
       Бұрынырақ хабарлағандай, бүгін электрондық астық жөніндегі қолхаттардың ақпараттық жүйесінде (www.minagro.kz интернет-ресурсы) www.gosreestr.kz – мемлекеттік мүлік тіркелімінің веб-порталының электрондық сауда алаңында астық жөніндегі қолхаттар саудасы бойынша функционал ескерілген. Соңғы ресурс астық жөніндегі қолхаттарды сату бойынша электрондық сауда алаңына бірыңғай қолжетімділік нүктесін білдіреді. www.minagro.kz интернет-ресурсының жеке кабинетінде астық иелері жоғарыда көрсетілген электрондық сауда алңында астық жөніндегі қолхаттарды сатуға қоя алады.   
         Өз кезегінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясы қазіргі уақытта мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында астық жөніндегі қолхаттар сатып алу арқылы астықты сатып алу мүмкіндігіне ие.   
         Болжамдалған сатып алу түрінің басымдылығы астық өндіруші үйден шықпай, интернет арқылы компьютерінен немесе смартфоннан өтінім беріп, бидай сатып, ол үшін ақша ала алатынына негізделген.  Сатып алу кезінде электрондық жүйе фермердің Азық-түлік келісім шарт корпорациясының немесе әкімдіктің өкілдерімен байланысуын болдырмайды.
Осы шараны орындау барысында Азық-түлік келісім шарт корпорациясы  өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда астық нарығын тұрақтандыру бойынша шарашаларды қолдану аясында іс жүзінде екі негізгі мәселе шешілді.
      Біріншіден, Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен 2 млн. тонна  көлемінде астықты сатып алу туралы жаңалық нарыққа қарқындылық қосты.  Егер сатып алу туралы хабарландыру қарсаңында аграр қызметкерлері бидайдың бір тоннасына 38 мың теңге сұраған болса, ал қазір бір тоннаның бағасы 42 мың теңгеге өсті.
Екіншіден, астықты тасымалдау бойынша сұранысының белгілі тұрақтылығы байқалады.
Ақмола облысының аграрлық қызметкерлері үшін осындай семинарды ағымдағы жылдың 5 қаңтарында өткізу жоспарланып отыр.


Артқа