Ирандықтар Семейде ет өңдеу комбинатын салмақшы

«KazakhInvest» АҚ-ның қолдауымен ирандық инвестор Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының «Өндіріс» индустриялды аймағында «Халал» стандартына сай қайта өңдеу ет комбинатын салу жобасын іске асыру үшін инвестициялық келісімшарт жасады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі хабарлайды.
      Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, «AgroPortal» компанияның бас директоры Амир Шекарчи Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетімен бірге инвестициялық преференциялар ұсынуды қарастыратын жобаларды іске асыру келісімшартын жасады.
       Жобаға шамамен 7 млрд. теңге шетел инвестициясы салынады. Сөйтіп, биыл Шығыс Қазақстан облысында етті қайта өңдейтін комбинат құрылысы басталады.
«Қазақстанда шетел инвесторлары үшін жағымды инвестициялық климат жасалған. Өңірлік деңгейде біз «KazakhInvest» ҰК» АҚ өкілдерімен және біздің жобаға жан-жақты қолдау көрсететін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен тығыз жұмыс істейміз.
         Ет комбинатында «Өндіріс» аумағында заманауи, қалдықсыз өндірістік желілер салынған болатын. Зауытта шамамен 250 адам жұмыс істейтін болады», - деді «Agro Portal» бас директоры Амир Шекарчи.
         Ет комбинатында тәулігіне 2 мың ұсақ малдың және 400 бас ірі қараның еті қайта өңделетін болады. Мұндағы өнімнің 90%-ке жуығы Иран Ислам Республикасына экспортталады. «Kazakh Invest» етті қайта өңдеу зауытын салу арқылы осы жобаны іске асыруда қолдау көрсету қызметін жалғастырады. Күн тәртібінде - кеден және салық преференцияларын алу, субсидиялау, сондай-ақ, визалық қолдау мәселелері бар», - деді «Kazakh Invest» өңірлік директоры Мадина Байсалбаева.
        Жуырда ирандық инвестордың шақыруымен және «Kazakh Invest» АҚ-ның қолдауымен облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков бастаған Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Иранға барады. Сапар барысында бордақылау алаңшалары мен сүт-тауарлы фермаларына бару және олардың жұмысымен танысу, ауылшаруашылық жабдығын өндірушілерімен кездесу, қазақстандық ет өнімдерінің импортына қызығушылық танытқан серіктестермен сөйлесу, сондай-ақ, АӨК саласы бойынша бірқатар жобалар ұсынылатын әлеуетті инвесторлармен жүздесу жоспарланған.
         2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияда тікелей шетел инвестицияларын тартатын басым салалардың бірі ретінде агроөнеркәсіптік кешен таңдалып отыр. Қазақстанда 2015 жыл мен 2017 жылдың 9 айын қосқанда ауыл шаруашылығына тартылған инвестицияның жалпы көлемі 135,2 млн. АҚШ долларын құрады.

inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/irandyktar-semeyde-et-ondeu-kombinatyn-salmakshy_a3126518


Артқа