«ҚазАгро» Холдингі Басқарма құрамындағы өзгерістер

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасында өзгерістер енгізілді.
«ҚазАгро» Холдингі Директорлар Кеңесінің 2018 жылғы 14 наурыздағы шешімімен сайланды:
Елнар Жолдасов – ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қаржы жөніндегі Басқарушы директор – Басқарма мүшесі.
Жұмағали Мунжасаров - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Құқық мәселелері жөніндегі Басқарушы директор – Басқарма мүшесі;
 
Жолдасов Елнар Расылханұлы 1979 жылдың 25 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
«Құқықтану» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті, «қаржы және несие» мамандығы бойынша Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде білім алған.
Еңбек қызметін 2001 жылы бастады.
2001 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасының түрлі екінші деңгейлі Банктерінде қызмет етті («Нұрбанк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Астана Банкі» АҚ жетекші қызметтерді атқарды).
2013-2018 жж. – «Банк Астана» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі.
14.02.2018 – 15.03.2018 «ҚазАгро» Холдингі» АҚ тәуелсіз директоры, «ҚазАгро» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің ішкі аудит және тәуекелдер жөніндегі комитетінің төрағасы.
2018 жылдың 15 наурызынан – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қаржы жөнінде Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі.
 
Жұмағали Мунжасаров Ахметғалиұлы 1977 жылдың 30 мамырында Қостанай облысында дүниеге келген.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызмет Академиясын бітірген, МВА дәрежесі.
Заң ғылымдарының магистрі.
Өзінің еңбек қызметін 1998 жылы Қостанай қ., А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде заң факультеті оқытушысы ретінде бастаған;
Әр жылдары мемлекеттік қызметтерде жетекші лауазымдарында жұмыс істеді;
2009-2011 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі;
2012-2018 жж. - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры;
2018 жылдың 15 наурызынан – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  Құқық мәселелері жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі.
«Ерең еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған, 2013 ж.

Артқа