2018 жылы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру

Ағымдағы жылы көктемгі және егістік жұмыстарына Республикалық бюджет тарапынан 60 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы көздері АӨК субъектілерін айналым қаржысын толтыру мен өсімдік өнімдерін сатып алуға аванстық төлем жасап көктемдік және егістік жұмыстарын жүзеге асыру үшін бағытталған. Қаржыландыру үш сатылым жолдары арқылы: екінші деңгейлі банктер, тікелей несиелендіру, кредиттік серіктестіктер және микроқаржылық ұйымдар арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық бағыттыр бойынша СЖТМ соңғы қаржы алушылар үшін 6 пайыздан аспайды. 
2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Аграрлық несие корпорациясы АҚ-ы АӨК субъектілерінен көктемгі және егістік жұмыстарына өтініштерді қабылдай бастады. Қазіргі таңды көктемгі және егістік жұмыстары үшін өзін жақсы жағынан танытқан Кең дала бағдарламасы бойынша фермерлер белсенді несие алуда. Бүгінгі күні 247 ауылшаруашылық өңдірушілері 29 млрд. теңгеге өз өтініштерін берді. 
Жылдың соңына дейін Корпорация 1500 ауылшаруашылық өңдірушілерін 3 млн.га егістік алқаптарын өңдеу үшін қаржы бөлуді көздеуде. 
 

Артқа