«KazGrain 2018» халықаралық конференциясы

«Дәнді-бұршақты дақылдар Қазақстан нарығында келешекті текше» 2018 жылдың 16 наурызда Астанада өтетін «KazGrain 2018» халықаралық конференциясында талқыланатын тақырыптардың бірі
 
Қазақстан бұршақ жармасының өндірісі мен экспортын серпінді дамытуда.
Еліміздегі ауыл шаруашылық егіншілік мәдениетіне арналған егіс алаңын диверсификациялауға бағытталған Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы бұршақ жармасының ішкі нарығының дамуына жаңа серпін берді. Сонымен қатар 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жасымық пен ноқат өсірудің егіс алаңы бір жыл бұрыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 3 есе өсіп, сәйкесінше 331,6 мың.га мен 12,7 мың.га жер алқабын құрады. Елімізде асбұршақ егіс алаңы 64 пайызға өсіп, 100,7 мың.га құрады.
Осыған байланысты «АПК-Информ» АА сарапшыларының болжамы бойынша  2017/18 жылдары Қазақстанда жасымық пен асбұршақтың жалпы алымы рекордтық көлемдерге жетеді.
Сондай ақ, Қазақстан бұршақ жармасының басым бөлігін экспортқа жіберетінін атап өткен жөн. 2017 жылдың шілде-желтоқсан айларында аталған өнімге деген сұраныс Туркия /35,7 мың тонна/, Ауғанстан /11,8 мың тонна/ және Иран /7,5 мың тонна/ елдерінен болды. 
Жасымықтың 2017-2018 жылдардың 6 айында жасымық экспортының көлемі дәнді дақылдардың өткен жылғы көрсеткішімен салыстырғанда 12 пайызға өсті, асбұршақ – 18 пайызға. Ноқатқа байланысты ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдағы көрсеткіші алдыңғы бүкіл маусымдағы көрсеткіштен асып түсті. 
Халық санының қарқынды өсуі және оны азық-түлікпен қамтамасыз ету қажеттілігі мен жоғары сапалы ақуызды азыққа деген сұраныс әлемде бұршақ дәнді дақылдарға қызығушылықты ұлғайтты, осының барлығы өндірістің өсуін ынталандырды. IGC мамандарының есебіне сәйкес бұршақ жармасының әлемдік сауда көлемі соңғы бес жылда, 2016 жылға дейін, жылына 14,5 млн.тоннаны құрады. Соның ішінде асбұршақ дәні – 4,7 млн.тонна, жасымақ – 2,9 млн.тонна, ноқат – 2 млн.тонна, түйе бұршақ – 1,8 млн.тонна, алтын түстес түйе бұршақ – 1,1 млн.тонна, сонымен қатар малазықтық бұршақ тәрізділер – 0,9 млн.тонна. 2017 жылы дәнді бұршақты дақылдардың әлемдік саудасы 5 пайызға өсіп, 19,9 млн.тоннаны құрады. Бұл көрсеткіштің өсуіне Қиыр Шығыс және Африка елдеріне импорттың көбеюі септігін тигізді. 
Дәнді дақылдардың негізгі импорттаушысы Үндістан болып табылады, жылдық орташа сатып алу көлемі 4,4 млн.тонна /5 жылдық орташа көрсеткіш/. Дәнді дақылдарды сатып алушылардың ТОП көрсеткішіне келесі мемлекеттер кіреді: 1,2 млн.тонна орташа жылдық импорт көрсеткіші бар ЕО, Қытай – 1 млн.тонна, Туркия – 0,9 млн.тонна және Бангладеш – 0,8 млн.тонна. 
«Дәнді-бұршақты дақылдар Қазақстан нарығында келешекті текше» «KazGrain 2018» халықаралық конференциясында талқыланатын тақырыптардың бірі болады, конференция Астана қаласында 2018 жылдың 16 наурызында өтеді.
Аталған тақырып бойынша негізгі спикер болып, туркиялық трейдинг компаниясы Hakan Agro Commodities Trading Co LLC өкілі  – Корай Озкан сөз сөйлейді. 
Hakan Agro Commodities Trading Co LLC компаниясы дәнді дақылдар, май және астық дақылдардың, өсімдік майлары мен азық-түлік, ет-сүт өнімдері, мал азығы және т.б.сияқты ауыл шаруашылық өнімдерді экспорттауға мамандандырылған компания болып табылады. Компанияның бас ғимараты Дубай /БАӘ/қаласында орналасқан, Hakan Agro стратегиялық орналасқан жүйесіне қоймалар, өндіру құралдары мен логистикалық 26 шетел кеңселері кіреді. Қазіргі уақытта компания 82 мемлекеттегі 1000-нан астам тұтынушылар үшін  52 елге жеткізілетін түрлі азық-түліктің 54 түрін экспорттайды. 
 
Конференция туралы толық мәліметті келесі сілтеме арқылы біле аласыздар:  https://www.apk-inform.com/ru/conferences/kazgrain2018/about 
 
Конференция ұйымдастырушылары:
Агро Индустрия KZ
Әділхан Сағымбаев,  +7 701 588 5497, adilet@list.ru
 

Артқа