АШҚҚҚ 26,7 млрд. теңге көлемінде ауылдық несиелерді беру жоспарлады

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі құрамындағы компания - Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан əрі - Бағдарлама) аясында ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін шағын несиелеуді бастады. Осы мақсатта биыл Қор арқылы 26,7 млрд. теңге бағытталатын болады.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 2005 жылдан бастап ауыл тұрғындары мен шағын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің несие ресурстарына қолжетімділігін арттыру қызметімен айналысады. Осы уақыт ішінде Қор тарапынан 233,8 млрд. теңгеге 136,5 мың несие берілді. Компания жыл сайын ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, несиелік өнімдердің сапасы мен санын арттырады.
-          2013 жылдан бастап Қор «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Моноқалаларды дамыту» мемлекеттік бағдарламалары аясында ауылдық кәсіпкерлікті шағын несиелеуді жүзеге асыруға қатысады, - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров. - Өткен жылдан бастап, Қор Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде ауылдық шағын несиелеу бойынша уәкілетті ұйым болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты - ауылдық жерлерде өз бизнесін ұйымдастыру немесе кеңейту.

Несиелеу шарттарында тоқталатын болсақ, ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауары өндірушілерінің жобаларын іске асыруға бағытталған бірқатар ірі несие өнімдерін атап өтуге болады:

 

р/с

Несиелеу бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты

Сыйақы үстемесі, жылдық %

Несие мерзімі

Несие сомасы

1.

Игілік

- ІҚМ, ҰММ, жылқы, түйе, басқа да а/ш мал басы мен құстарды, бал араларын сатып алу;

- қарыз мөлшерінің 20 % аспайдын сомаға мал азық сатып алу

6,0%

78 айға дейін

4 млн. теңгеге дейін

2.

Сыбаға

- етті тұқымды жас мал алу үшін ІҚМ аналық мал басын, ұсақ мүйізмі малды сатып алу;

- негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу;

- айналымдық капиталды толықтыру

Қордың өз қаржысынан

14,0%,

оның  10,0% субсидияланады

180 айға дейін

ІҚМ - 40 млн. теңгеге дейін

ҰММ - 30 млн. теңгеге дейін

Нәтижелі жұмыспен қамту

4,0% - 6,0%

84 айға дейін

12 млн. теңгеге дейін

3.

Ынтымақ

Сервистік-дайындау және қайта өңдеу кооперативтерді құру және дамыту

6,0%

84 айға дейін

50 млн. теңгеге дейін

4.

Кәсіпкер

Ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес бизнес түрлерін ұйымдастыру және кеңейту

6,0%

60 айға дейін

6 млн. теңгеге дейін

5.

Ырыс

Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу және тауарлы сүт фермаларын құру/дамыту

6,0%

120 айға дейін

85 млн. теңгеге дейін

6

Бірлік

Сүт қабылдау бекеттері үшін техника мен құрал-жыбдықтарды сатып алу

6,0%

78 айға дейін

10 млн. теңгеге дейін

7.

Егінжай

Көктемгі егістік және күзгі жиын-терім жұмыстарды жүргізу үшін айналымдық капиталды толықтыруға АӨК субъектілерін несиелеу

6,0%

36 айға дейін

6 млн. теңгеге дейін

 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша несиелер әртүрлі мақсаттарға жылына 6% үстемемен беріледі. Несие өнiмiне байланысты қарыздың мерзiмi, сомасы, жеңілдетілген мерзімі өзгерiп тұрады.
Мысалы, «Игілік» бағдарламасы бойынша ірі қара және ұсақ мүйізді мал, түйе, жылқы, басқа да ауылшаруашылық жануарларды, құстар, бал араларын сатып алу қарастырылған. Бұдан басқа, несие сомасының 20%-ын мал азық сатып алуға болады. Егер қарыз алушы аналық мал басын сатып алатын болса, жануарлардың жасы 24 айдан 48 айға дейін болу керек, жасы 12 айдан асқан асыл тұқымды өндіруші-бұқа болуы керек немесе сатып алынуы керек, аналық малға міндетті ара-қатынасы 1: 25 болуы қажет. Жылқы өсіру және қой шаруашылығына арналған жобаларға да белгілі бір талаптар қойылады.

Қарыз алушыда сатып алынатын және қолдағы мал басын ұстауға қажетті қоралары, құрылыстары болуы керек. Сондай-ақ, қажетті жемшөп, немесе оларды сатып алатын қолма-қол ақшасы болуы, немесе несие қаржысы қарастырылуы қажет.  Жер учаскелері бойынша талаптар қойылмайды.

- 2017 жылы Бағдарлама аясында ауылдық кәсіпкерлерге Қор арқылы 16,6 млрд. теңге бөлінлі, - дейді Қордың басшысы Жандар Омаров. - Оның 11,5 млрд теңгесі (70%) бизнесті ашуға бағытталған. Осылайша, Бағдарламада бекітілген бастапқы жобаларды (20%) қаржыландыру деңгейі Қормен толық орындалды.
Сонымен қатар, бұл сомадан 4,5 млрд. теңге «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша оқыған қарыз алушылардың жобаларын қаржыландыруға бағытталды, бұл Бағдарлама бойынша жалпы қаржыландырудың 27% құрайды. Қаржыландырудың барлық көздерінен 5,6 млрд. теңге сомасына «Бастау-Бизнес» сертификатына ие болған 1935 қатысушы жоба несиеленді.
Қаржыландыру туралы өтінімдерді қарастырудың ашықтығын арттыру мақсатында қарыз алушы қашықтан қолдана алатын, өз өтінімінің қарау мәртебесін одан әрі бақылауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе енгізілді,  - деп түсіндірді Қордың басшысы Жандар Омаров. - Ол үшін «ҚазАгро» холдингінің порталында тіркелу қажет. Сайтта онлайн-өтінім беруге көмектесетін нұсқаулық бар. Сондай-ақ, несие беру үшін шешім қабылдау үдерісін жылдамдату үшін скоринг жүйесі енгізіледі.

Анықтама үшін:

2017 жылы қаржыландырудың барлық көздерін ескере отырып, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 49,9 млрд. теңге сомасына 13 238 несие берді. Ағымдағы жылы 43,3 млрд. теңгеге 8 мың жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр.
Жалпы «ҚазАгро» Ұлттық холдингі тарапынан Қазақстан АӨК қаржыландырудың жалпы көлемі 2018 жылдың 1 мамырына 115,4 млрд. теңгені құрады.

Артқа