«ҚазАгро» Холдингінің МӘСҚ қаржысы туралы мәліметі

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен 60 млрд.теңге сомасында облигация сатып алуы туралы ақпарат қоғамда және БАҚ-та қызу талқыға салынды. Осыған байланысты Холдинг аталған сұрақ бойынша қажетті мәліметті беру қажеттігін көздеді.
Қазақстанда көп уақыттан бері экономикалық өсудің іргелілік көздерімен қамтамасыз ету проблемасы бар, соның бірі ұзақ мерзімді өтімділікті ұсыну болып табылады. Бүгінгі күні қаржыландару көздері Ұлттық қор,  Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры /МЗЖҚ/ және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының /МЭСҚ/ қаражаты екендігі мәлім. 
«ҚазАгро» Холдингі ауылшаруашылық тауар өндіушілеріне теңгемен қарыз беретінін атап өткен жөн. Агроөнеркәсіп кешенінің ұзақ мерзімді теңгелік қаржы ресурстарына деген елеулі қажеттілігін ескере, МӘСҚ Қазақстанда ірі инвесторлардың бірі болуы мүмкін. Қазіргі уақытта агросалаға мемлекеттік компаниялар арқылы инвестициялау ең оңтайлы түрі болып табылады:
1) нарық шарттарына сәйкес қарыз алу /осы жағдайда жылдық 11 пайызбен/ инвесторға табыс әкеледі /МӘСҚ/;
2)  қазақстандық экономикаға пайдасын тигізіп, саланың дамуына үлесін қосады;
3)  қаржы қорғалған: эмитент мемлекет бақылауында.
«ҚазАгро» Холдингінің сыртқы рейтингі  Fitch (BBB-) и Standard and Poors (BB-) агенттіктеріне сәйкес, бұл Холдингтің төлем қабілеттілігінің сенімді деңгейін көрсетеді. «ҚазАгро» Холдингі МӘСҚ қаржысын инвестициялау үшін ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банк тарапынан эмитенттерге қойылатын талаптарға сай. Демек, Холдингтің сыртқы рейтингі мен несиелік сенімділігін ескере, тартылған қаржы айтарлықтай консерваторлық инфрақұрылым мен талаптарға инвестицияланған. 
Мемлекет басқаруындағы компанияларға, ұлттық экономикаға қор қаржысын инвестициялау бүкіләлемдік тәжірибе екендігін атаған жөн. Мысалы, Ресей Федеарциясында зейнетақы қорының қаржысын инвестициялау қор нарығының елеулі өсімімен қатар, экономиканың түрлі секторларын ұзақ мерзімді қорландыруға және сыртқы жабық өтімділік нарығының өсу қарқынын сақтап қалуға мүмкіндік берді. Мұндай  тәжірибе Еуропа мемлекеттерінде кеңінен қолданылады, түрлі қорлар, соның ішінде тәуелсіз қорлар да мемлекеттік агенттердің қаржылық құралдарын белгілі саланы қолдау үшін тартады. Мысалы, Францияның қаржылық қоры  Credit Agricol  бағалы қағаздарын немесе Ресейдегі Қор мемлекеттік Россельхозбанк бағалы қағаздарын иемденді.
МЗЖҚ қаржысын «ҚазАгро» Холдингі «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК АҚ арқылы астық нарығына интервенциялауға жұмсауды жобалауда. Мұндай тәжірибе отандық өндірушілер үшін астыққа деген ішкі бағалар бойынша оң нәтижесін көрсетті және жүк тасымалдау мен жылжымалы составпен туындайтын маусымдық мәселені шешуге ықпалын тигізді, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер мен республиканың салалық бірлестіктері тарапынан айтылған мәселер шешілді. Сатып алынған бидай ішкі және сыртқы нарықта қолайлы баға мерзімінде сатылып, тартылған қаржыны толық көлемде қайтарылуын қамтамасыз етеді.
 «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі өзіне алған міндеттемелерді еш уақытта бұзбаған. Бұл ҚР Үкіметінен бөлінетін, сонымен қатар шетел капитал нарықтарынан тартылған қаржыларға байланысты. Мысалы, 2013 жылдан 2017 жылға дейін көтемгі егіс және астық жинау науқандарын қаржыландыруға Республикалық бюджет есебінен 273 млрд.теңге бөлінген. Бөлінген қаражат толық көлемде бюджет есебіне қайтарылды. 
Сонымен қатар Холдинг – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ – Холдинг облигациясының мажоритарлық иесі алдындағы барлық міндеттемелерін толық және уақытылы орындауда, облигация айналдыру кезеңінен /29.12.2014 жылдан/ 31,6 млрд.теңгені құрады. Сондай ақ, Холдинг миноритарлық облигация иелеріне де 457 млн.теңге көлемінде сыйақысын толық көлемде және уақытылы төледі.
Анықтама:
«ҚазАгро» Холдингінің 2007 жылдан 2017 жылға дейін АӨК қаржыландыру көлемі 2,6 трлн.теңгені құрайды, соның ішінде 55 пайызы – Холдингтің жеке қаражаты есебінен қаржыландырылды, 36 пайызы - Республикалық бюджет есебінен, 6 пайызы – тартылған қаржы есебінен, 3 пайызы – Ұлттық Қор қаржысы /соның ішінде қайта пайдаланылған/. Несиелендірудің жалпы көлемінде шағын және орта бизнес үлесі 92 пайызды құрайды. «ҚазАгро» инвестициялық портфелінде 376 млрд.теңгені құрайтын 570 инвестжобалар бар, соның бүгінгі күні 334,4 млрд.теңге құнымен 530 жоба іске қосылған. 10 жыл ішінде 196 мың адам жұмыспен қамтылған, 44 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. Орта есеппен жыл сайын 17,9 мың адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. 
 

Артқа