ҚазАгроның және Корея институтының ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы

Бүгін Астанада «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі және Кореяның азық-түлік, ауыл және орман шаруашылығы саласындағы жоспарлау және бағалау институты (iPET) арасында  Өзара түсіністік туралы меморандумға  қол қойылды. 

Құжатқа сәйкес тараптар өзара ынтымақтастықтың жаңа перспективалық бағыттары туралы бір-бірін ақпараттандыруға;  үздіксіз өзара іс-қимылды жүзеге асыруға және күштерін үйлестіруге, қажет деп санайтын кез келген қолжетімді байланысты пайдалануға; ынтымақтас тық нәтижелерін кезеңді түрде талдауға, бірлескен қызмет жетістіктері туралы ақпаратпен алмасуға, өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеп беруге ниетті.
 
«ҚазАгроның» атынан меморандумға Холдингтің Басқарма төрағасы Малелов Нұрлыбек, iPET компаниясынан – оның президенті  Кюнг Тэ О. қол қойды.
iPET басшысы атап өткендей, Корея институты «ҚазАгро» үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін зерттеуге және дамытуға техникалық қолдау көрсетуді, сондай-ақ қазақстандық Холдингке ауылшаруашылық өндірісі, диструбиция және технологиялық трендтер бойынша ақпарат беруді жоспарлайды. 
 
Өз кезегінде, Нұрлыбек Малелов, меморандумның екі елде де ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маңызды механизмі болатынын және тығыз коммерциялық байланыс пен екіжақты инвестицияны жылжыту және технологиялардың трансферті үшін негіз құрады деп атап өтті. 
 
Кореяның азық-түлік, ауылшаруашылығы, орман және балық шаруашылығы саласындағы жоспарлау және бағалау институты (iPET) Корея Республикасының Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және ауыл істері министрлігінің жанындағы квазимемлекеттік институт болып табылады. Компания азық-түлік, ауылшаруашылығы, орман және балық шаруашылығы саласындағы жобаларды жоспарлау, басқару және бағалауды тиімді қолдау үшін құрылған.    
 
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ,  «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» ЖШС енеді.
 

Артқа