Web Content Display

Инвесторлар үшін ақпарат

Дүниежүзілік Банктің рейтингінде бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша 2018 жылы Қазақстан әлемнің 189 елінің арасында 36-ші орынға ие болды.  

Азия, Еуропа және Таяу Шығыс елдері арасындағы бәсекелес орналасу жері Ресей, Қытай және Индия сияқты дамушы нарықтарға, сондай-ақ жалпы халқының саны шамамен 170 млн.адамды құрайтын Кеден одағының елдері – Ресей мен Белоруссияға қолжетімділікті ашады.
Қазақстан аумағының шамасы бойынша жер ресурстарының мол қоры бар әлемдегі 9-шы ел болып табылады. Ауылшаруашылық жерлерінің жалпы алаңы  215,6 млн. га құрайды,  оның ішінде егістік алаңы 24,6 (11,2%), шабындық – 4,8 млн. га (2,2%), жайылым – 182,1 млн. га (84,8%).
Агроөнеркәсіптік кешенді жаңарту және кеңейтудегі шетел инвестицияларының басты рөлін мойындап Қазақстанның үкіметі ауылшаруашылық секторын дамытуға үлкен көңіл бөледі және ет пен бидайдың өндірісін қоса алғандағы экспортқа бағдарланған өнім өндірісін басым вектормен анықтап, сондай-ақ басқа елдердің нарықтарына кіру үшін жергілікті өндірушілерінің халықаралық сапа стандарттарын енгізу жөніндегі қажет шараларды қабылдайды.
Сұрақтар туындаған жағдайда, Сыртқы қарыздар және инвесторлармен өзара іс-қимыл департаментіне хабарласуларыңызға болады, электрондық адресі:ir@kazagro.kz

Қазақстан агроөнеркәсіптік секторындағы инвестициялық климат