Web Content Display

Акциялар мен дивидендтер туралы ақпарат

2018 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі «ҚазАгро» холдингі» АҚ акциялар шығарылымы проспектісіне жарияланған акциялардың ұлғаюына байланысты өзгерістер мен толықтыруларды тіркеді. Акциялар шығарылымы проспектісіне тиісті өзгерістерді мемлекеттік тіркегеннен кейін жарияланған акциялардың саны 473 108 394 дана жай акцияны құрайды, НИН - KZ1C55020016.
 
Жарияланған акциялар санын ұлғайту туралы және акцияларды орналастыру туралы шешімді жалғыз акционер қабылдайды және Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен рәсімделеді.
 
Жарғылық капиталды ұлғайту үшін қаражат 258 «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен бөлінеді.
 
Жалғыз акционері болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің («Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» мемлекеттік мекемесі, оған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ барлық орналастырылған акциясының 100%-ы тиесілі) тұлғасында Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттің акционер ретіндегі мүддесін ұсынатын мемлекеттік орган болып табылады.
 
Холдинг таза табысты бөлу кезінде «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысын және Холдингтің жалғыз акционерінің шешімімен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен рәсімделген Холдингтің дивидендтік саясатын басшылыққа алады және, дивидендтер төлеуге таза табыстың 10 %-нан кем емес қаражат бағыттауды жоспарлайды.
 
 
 
Девидендтер төлеу туралы шешiм
 
 
29.06.2018
 
ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (орналасқан жері: 010000, Астана қ., Республика д., 24; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк» АҚ, БИК KZKOKZKX, ИИК KZ819261501140708001; КБЕ 16, ОКЭД 64200; анықтама: заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2009 жылғы 13 мамырдағы анықтама; БСН 070140002180, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 29 маусым № 286 бұйрығына сәйкес, 2017 жылғы жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды.

 

Девидендтер төлеу туралы шешiм

 

21.10.2016

ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (орналасқан жері: 010000, Астана қ., Республика д., 24; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк» АҚ, БИК KZKOKZKX, ИИК KZ819261501140708001; Кбе 16, ОКЭД 64200, ОКПО 40971311;  анықтама: заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2009 жылғы 13 мамырдағы анықтама; БСН 070140002180, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 443 бұйрығына сәйкес, 2015 жылғы жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды. 

 

01.09.2015

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (орналасқан жері: 010000, Астана қ., Республика д., 24; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк» АҚ, БИК KZKOKZKX, ИИК KZ819261501140708001; Кбе 16, ОКЭД 64200, ОКПО 40971311; мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2009 жылғы 13 мамырдағы № 25246-1901-АО куәлік;  БСН 070140002180) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 9-2/786 бұйрығына сәйкес бір жай акцияға шаққандағы 3,75 (үш тенге жетпіз бес тиын) теңге есебінен  1 080 420 021, 70 (бір миллиард сексен миллион төрт жүз жиырма мың жиырма бір) теңге жетпіс тиын құрайтын Холдингтің таза табысының 18,4 (он сегіз бүтін оннан төрт) пайызы мөлшеріндегі  2014 жылғы жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды.  Дивидендтерді төлеу жалғыз акционердің шешімі күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде «Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті» ММ есепшотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.

 

28.07.2014

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (СТН 620300285992, орналасқан жері: 010000, Астана қ., Республика д., 24; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк» АҚ, БИК KZKOKZKX, ИИК KZ819261501140708001; Кбе 16, ОКЭД 64200, ОКПО 40971311; мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2009 жылғы 13 мамырдағы № 25246-1901-АО куәлік;  БСН 070140002180) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 9/384 бұйрығына сәйкес бір жай акцияға шаққандағы 0,37 (нөл тенге отыз жеті тиын) теңге есебінен  99 589 410,20 (тоқсан тоғыз миллион бес жүз сексен тоғыз мың төтр жүз он тенге 20 тиын) теңгені құрайтын Холдингтің таза табысының 10 (он) пайызы мөлшеріндегі  2013 жылғы жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды.  Дивидендтерді төлеу жалғыз акционердің шешімі күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Сарыарқа ауданы Салық комитеті» ММ есепшотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.

30.08.2013

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (СТН 620300285992, орналасқан жері: 010000, Астана қ., Республика д., 24; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк» АҚ, БИК KZKOKZKX, ИИК KZ819261501140708001; Кбе 16, ОКЭД 64200, ОКПО 40971311; мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2009 жылғы 13 мамырдағы № 25246-1901-АО куәлік;  БСН 070140002180) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 27 тамызындағы № 10-1/389 бұйрығына сәйкес бір жай акцияға шаққандағы 0,58 (нөл тенге елу сегіз тиын) теңге есебінен  146 779 782 (жүз қырық алты миллион жеті жүз жетпіс тоғыз мың жеті жүз сексен екі) теңгені құрайтын Холдингтің таза табысының 10 (он) пайызы мөлшеріндегі  2012 жылғы жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды.  Дивидендтерді төлеу жалғыз акционердің шешімі күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Сарыарқа ауданы Салық комитеті» ММ есепшотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.

30.07.2012

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (СТН 620300285992, орналасқан жері: 010000, Астана қ., Республика д., 24; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк» АҚ, БИК KZKOKZKX, ИИК KZ819261501140708001; Кбе 16, ОКЭД 64200, ОКПО 40971311; мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2009 жылғы 13 мамырдағы № 25246-1901-АО куәлік; БСН 070140002180) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 10-1/383 бұйрығына сәйкес бір жай акцияға шаққандағы 1,22 (бір теңге жиырма екі тиын) теңге есебінен 300 152 377 (үш жүз миллион бір жүз елу екі мың үш жүз жетпіс жеті) теңгені құрайтын Холдингтің таза табысының 10 (он) пайызы мөлшеріндегі 2011 жылғы жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды. Дивидендтерді төлеу жалғыз акционердің шешімі күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Сарыарқа ауданы Салық комитеті» ММ есепшотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.

23.08.2011

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (СТН 620300285992, орналасқан жері: 010000, Астана қ., Республика д., 24; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк» АҚ, БИК KZKOKZKX, ИИК KZ819261501140708001; Кбе 16, ОКЭД 64200, ОКПО 40971311; мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2009 жылғы 13 мамырдағы № 25246-1901-АО куәлік; БСН 070140002180) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 05-1/481 бұйрығына сәйкес, бір жай акцияға шаққандағы 1,27 (бір) теңге 27 тиын есебінен 248 153 243 (екі жүз қырық сегіз миллион бір жүз елу үш мың екі жүз қырық үш) теңгені құрайтын Холдингтің таза табысының 10 (он) пайызы мөлшеріндегі 2010 жылғы жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды. Дивидендтерді төлеу жалғыз акционердің шешімі күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Сарыарқа ауданы Салық комитеті» ММ есепшотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.

07.09.2010

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (СТН 620300285992, орналасқан жері: 010000, Астана қ., Кенесары к.,36; банктік және басқа деректемелері: «Қазкоммерцбанк» АҚ, БЖК KZKOKZKX, ЖСК KZ819261501140708001; Кбе 16, ОКЭД 64200, ОКПО 40971311; мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2009 жылғы 13 мамырдағы № 25246-1901-АО куәлік;  БСН 070140002180) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 568 бұйрығына сәйкес бір жай акцияға шаққандағы 10,11 (он теңге он бір тиын) теңге есебінен 161 792 100 (бір жүз алпыс бір миллион жеті жүз тоқсан екі мың бір жүз) теңгені құрайтын Холдингтің таза табысының 10 (он) пайызы мөлшеріндегі  2009 жылғы жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды.  Дивидендтерді төлеу жалғыз акционердің шешімі күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Сарыарқа ауданы Салық комитеті» ММ есепшотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.

14.10.2009

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (СТН 620300285992, орналасқан жері: 010000, Астана қ., Кенесары к.36; банктік және басқа деректемелері: Астана қ.«Қазкоммерцбанк» АҚ АФ, БИК 195301716, е/ш № 038467004; Кбе 16, ОКЭД 74150, ОКПО 40971311; мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2009 жылғы 13 мамырдағы № 25246-1901-АО куәлік; БСН 070140002180) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 7 қазандағы № 576 бұйрығына сәйкес бір жай акцияға шаққандағы 29 (жиырма тоғыз) тиын есебінен 45 150 600 (қырық бес миллион бір жүз елу мың алты жүз) теңгені құрайтын Холдингтің таза табысының 20 (жиырма) пайызы мөлшеріндегі 2008 жылғы жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды. Дивидендтерді төлеу жалғыз акционердің шешімі күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Сарыарқа ауданы Салық комитеті» ММ есепшотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.