Халықаралық ынтымақтастық

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ компаниясы тобының   халықаралық жетекші қаржы институттарымен табысты ынтымақтастықтың ұзақ уақытқа созылған тәжірибесі бар.

Ынтымақтастық АӨК субъектілерін несиелеуге, түрлі ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатып алу үшін экспорттық қаржыландыру, айналым қаражатын толықтыру және астықты коммерциялық сатып алуға арналған екі жақты қарыздардың шеңберінде жүзеге асырылады.

Холдингтің еншілес акционерлік қоғамдары сыртқы қарыздары бойынша өтеу кестесіне сәйкес негізгі қарызын және сыйақыны өтеуді адал жүргізеді.

Холдинг компаниясы тобының әріптестері мыналар: Ислам Даму Банкі, БҰҰ даму бағдарламасы, BNP Paribas, HSBC Group, Societe Generale, RBS, Natixis, Citibank, LandesBank Berlin, abobank,Commerzbank

Бірлескен кәсіпорындарға қатысу

Баку қаласындағы порттағы астық терминалы мен диірмен кешені (Әзірбайжан Республикасы)

Каспий жағалауының және оған жақын орналасқан елдердің стратегиялық маңызды нарықтарына қазақстан астығы мен оның қайта өңделген өнімдерінің экспортын ұлғайту мақсатында «Баку портындағы диірмен кешенінің құрылысы» және «Баку портындағы астық терминалының құрылысы» инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде «Бакинский Зерновой Терминал» ЖШҚ қазақстан-әзірбайжан бірлескен кәсіпорны құрылды.

Жобаны жүзеге асыруға қазақстан тарапынан – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ («ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құрамына кіреді) еншілес ұйымы «Ақ Бидай Терминал» АҚ - 50%, әзірбайжан тарапынан - «Planet – L» ЖШҚ - 50% қатысты.

Астық терминалын пайдалануға беру 2007 жылы, диірмен кешенін пайдалануға беру – 2009 жылы жүзеге асырылды.

Астық терминалының жылдық өткізу мүмкіндігі 350 мың тоннаны құрайды, диірмен кешенінің өнімділігі – тәулігіне 500 тонна ұн шығарады.

2010 жылы астық терминалы арқылы 63 000 тонна астық аударылып түсірілді, диірмен кешенімен 1 121 тонна алыс-беріс астығы қайта өңделді.

 

Амирабад портындағы астық терминалы (Ислам Республикасы Иран)

Иранның перспективалы нарығына және одан әрі Парсы елдерінің аймақтарына қазақстан астығы экспортының көлік инфрақұрылымын әрі қарай дамыту мақсатында «Амирабад портындағы (Ислам Республикасы Иран) астық терминалының құрылысы» инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде «Амирабад Грейн Терминал Киш» ЖШҚ бірлескен қазақстан-иран кәсіпорны құрылды.

Жобаны жүзеге асыруға қазақстан тарапынан – «Ақ Бидай Терминал» АҚ - 50%, иран тарапынан - «Бехдиз Теджерат Альборз» ЖШҚ - 50% қатысты.

Амирабад (Иран) портындағы астық терминалын пайлалануға беру 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында жүзеге асырылды.

Терминалдың жылдық қуаты 700 000 тоннаға дейінгі астықты құрайды.

2010 жылы астықты аудару көлемі 273,8 мың тоннаны құрайды.

 

 

Бордақылау алаңы және асыл тұқымды репродуктор-шаруашылықтар

2010 жылы «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы - «ҚазАгроӨнім» АҚ американың «GlobalBeefInvestorsLLC» компаниясымен бірлесіп Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданындағы Мамай ауылында «Дамыған инфрақұрылымы бар 5 000 басқа дейінгі ірі қара малға (ІҚМ) арналған бордақылау алаңын және әрқайсысы 1000 басқа дейінгі төлдейтін ІҚМ басына арналған екі асыл тұқымды репродуктор шаруашылық құру» инвестициялық жобасын іске асыру басталды.

Жоба Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына кіргізілді.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2010-2011 жылдар. Бордақылау алаңдарының қуаты – жылына 900 тоннаға дейін ет өндіру.

Етті мал шаруашылығы саласын жедел дамыту және етті мал басының санын көбейту, сондай-ақ сапалы көрсеткіштерді (орташа тәуліктік қосылған салмақ, тұтас еттің түсімін ұлғайту) жақсарту мақсатында жобаны іске асыру шеңберінде АҚШ- тан (Солтүстік Дакота штаты) Герефорд және Ангус тұқымды 1347 бас ІҚМ алып келінді.

Осы жобаның шеңберінде мал басын жеңілдетілген қоралар мен ашық алаңдарда бағуды көздейтін қазіргі заманғы қарқынды технология енгізілді. Аталған технологияны қолдану малдардың бейімділігін жоғарылатады, құрылыс-монтаж жұмыстарына салымды және энергиялық және еңбек ресурстарына шығынды едәуір төмендетеді, ол дайын өнімнің өзіндік құнын арзандатуға мүмкіндік береді.

 

Шетел компанияларымен қол қойылған Меморандумдар (Хаттамалар)

«Астана» хаттамасы

2011 жылғы 17 наурызда «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және «John Deere International», «Eurasia Group AG» компаниялары арасында «Астана» хаттамасына қол қойылды.

Хаттамасынның шеңберінде өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру жоспарлануда.

«John Deere International» және «Eurasia Group» ЖШС жобаларды сарапшылардың қажет кеңесімен қамтамасыз етеді, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ауыл шаруашылығы саласындағы ең соңғы әзірлемелер мен жаңалықтар туралы ақпараттандырады, операторлар мен механизаторлар үшін тренинг өткізу арқылы оқыту курстарын өткізуді қамтамасыз етеді.

«John Deere International» Америкалық компаниясы ауыл шаруашылығы техникасының әлемдік жетекші өндірушісі болып табылады, ал «Eurasia Group» ЖШС – Қазақстан Республикасындағы «John Deere International» компаниясының ресми дистрибьюторы.

 

«Toyota Tsusho Corporation» компаниясымен ынтымақтастық туралы ниет хаттамасы

2010 жылғы 15 қарашадағы Астана қаласында Қазақстанда ауыл шаруашылығын және аралас салаларды тұрақты дамытуды қамтамасыз ету мақсатында   «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен «Toyota Tsusho Corporation» жапондық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы ниет хаттамасына қол қойылды.

Хаттамаға сәйкес қазақстан астығының және оның терең қайта өңделген өнімдерінің нарығына талдау жүргізіледі, ол екі жақты ынтымақтастықты әрі қарай тереңдету үшін, соның ішінде АӨК бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша негіз болып саналады.

Ынтымақтастық туралы Ниет хаттамасымен сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарықтарына астық экспорттау жөніндегі жұмысты және Қытай аумағы арқылы оның транзитын белсендіруді көздейді.

 

«SAMSUNG C&T CORPORATION» корпорациясымен өзара түсіністік туралы Меморандум

2010 жылы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары шеңберінде   «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен оңтүстік кореяның «SAMSUNG C&T CORPORATION» корпорациясы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты Корея, Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азияның нарықтарына қазақстан астығының экспортын дамыту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «SAMSUNG C&T CORPORATION» корпорациясымен бірлесіп аталған Меморандумның шеңберінде Корея Республикасына және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қазақстан астығын жеткізу бойынша шаралар қолданылады.

2010 жылы «ҚазАгро» холдингінің басшылығы «SAMSUNG C&T CORPORATION» компаниясының, Холдингтің еншілес ұйымдарының және «Қазақстанның астық одағы» ЗТҰ өкілдерімен жоғарыда аталған Меморандумды іске асыру мәселелерін талдау үшін кездесулер өткізілді. Кездесу барысында «SAMSUNG C&T CORPORATION» компаниясының өкілдері Корея Республикасына және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қазақстан астығының экспортының әлеуетті мүмкіндіктерімен таныстырылды.

 

COFCO өзара түсіністік туралы Меморандум

2008 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтың Қытай Халық Республикасына сапары шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен Қытайдың ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты мен импорты бойынша Қытайдағы азық-түлік бидайының импортына квотаны негізгі ұстаушы болып табылатын COFCO (China national cereals oils & foodstuffs imp & exp Corp.) ірі ұлттық корпорациясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

 

COFCO

Меморандумының мақсаты

Қытайға қазақстан бидайының экспортын кеңейту және үшінші елдерге транзит үшін жағдай жасау мәселесі бойынша екі жақты өзара іс-қимыл болып табылады.

Меморандумға сәйкес Холдингтің еншілес компаниясы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ 2009 жылы қытай нарығына 24 тонна көлеміндегі азық-түлік бидайын сынамалық жеткізуді жүзеге асырды. Бидайдың осы партиясының тартылған ұнының қорытындысы бойынша қытайдың ұн тартушы компаниялары қазақстан астығының сапасына жоғары баға берді.

 

Инвесторлар үшін ұсынылатын перспективалық инвестициялық жобалар

«Ақмола облысында қуаты 12 000 тоннаға дейін құс фабрикасын құру»

инвестициялық жобасының паспорты

Жобаның орналасқан жері: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақкөл с. жанында

Жобаның өтінішкері: "Сарыарқа Құс" ЖШС

Саласы: Құс фабрикасының құрылысы

Шығаратын өнім түрі: Құс еті

Жобалық қуаты: Жылына 12 000 тонна

Жобаның құны: 9 424,43 млн.теңге (63,2 млн. АҚШ $)

Қажет инвестиция: 8 010,76 млн.теңге (53,72 млн. АҚШ $)

Іске асырылу кезеңі: 2013 - 2023 жж.

Өтелімділік кезеңі: 8,3 жыл

Жобаның іске асырылу сатысы туралы қысқаша ақпарат: Жоба 09.07.2012 ж. "ҚазАгроҚаржы" АҚ Несие комитетінде мақұлданды.

 

«Ақмола облысында қуаты жылына 300 бірлікке дейін комбайн құрастыру өндірісін ұйымдастыру»

инвестициялық жобасының паспорты

Жобаның орналасқан жері: Ақмола облысы, Көкшетау қ.

Жобаның өтінішкері: "Комбайновый завод Вектор" ЖШС

Саласы: Құрастыру өндірісі

Шығаратын өнім түрі: "Вектор" комбайндары

Жобалық қуаты: жылына 300 комбайн

Жобаның құны: 4 305,44 млн.теңге (28,87 млн. АҚШ $)

Қажет инвестиция: 3 372,44 млн. теңге (22,61 млн. АҚШ $)

Іске асырылу кезеңі: 2013-2022 жж.

Өтелімділік кезеңі: 10 жыл

Жобаның іске асырылу сатысы туралы қысқаша ақпарат: Жоба "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамында қаралу үстінде. Жобаны іске асыру үшін өтінішкер меншікті өз қаражатына жер телімімен бірге өндірістік жай сатып алды.

 

«Қуаты жылына 7 400 тонна май өндірі мен күнбағысты сақтау және қайта өңдеу зауытының құрылысы»

инвестициялық жобасының паспорты

Жобаның орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Пойма с. (облыс орталығынан 20 шақырым жерде)

Жобаның өтінішкері: "Батыс Күнбағыс" АҚ

Саласы: Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу

Шығаратын өнім түрі: Тазартылған күнбағыс және сафлор майы және олардың фракциялары

Жобалық қуаты: жылына 7 400 мың л.

Жобаның құны: 2 592,03 млн. теңге (17,38 млн. АҚШ $)

Қажет инвестиция: Айналым қаражаттары 200 млн.тг. сомасында (1,34 млн. АҚШ $)

Іске асырылу кезеңі: 2008 - 2017 жж.

Өтелімділік кезеңі: 10 жыл

Жобаның іске асырылу сатысы туралы қысқаша ақпарат: Шикізат (күнбағыс тұқымын) сатып алуға айналым қаражатының болмауына байланысты, жұмыс істемей тұр.

 

«Сүтті қайта өңдеу зауытын модернизациялау»  инвестициялық жобасының паспорты

Жобаның орналасқан жері: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы с., Көктем көш. 17. (Тараздан 60 шақырым жерде)

Жобаның өтінішкері: "Бурненский сырзавод" ЖШС

Саласы: Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу

Шығаратын өнім түрі: сүт өнімдері (ірімшік, май, сүзбе ірімшік, чечил, сүт)

Жобалық қуаты: жылына 15 500 тонна

Жобаның құны: 227 млн.теңге (1,52 млн. АҚШ $)

Қажет инвестиция: 122 млн.теңге (0,81 млн. АҚШ $)

Іске асырылу кезеңі: 2009-2017 жж.

Өтелімділік кезеңі: 7 жыл

Жобаның іске асырылу сатысы туралы қысқаша ақпарат: Қазіргі уақытта ірімшік, май, сүзбе ірімшік, чечил өндіру жұмысы жөнге салынған. Сүт өндірісін іске қосу үшін қолдағы бар жабдықты толықтыру және айналым қаражаттары қажет.

 

«Былғары шикізатын қайта өңдеу және өткізу» инвестициялық жобасының паспорты

Жобаның орналасқан жері: Қостанай облысы, Арқалық қ., өндірістік зона, ет комбинаты

Жобаның өтінішкері: "Умут" ЖШС

Саласы: Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу

Шығаратын өнім түрі: Былғары өнімі

Жобалық қуаты: жылына 1 440 тонна

Жобаның құны: 143,3 млн.теңге (0,96 млн. АҚШ $)

Қажет инвестиция: 80 млн. теңге (0,53 млн. АҚШ $)

Іске асырылу кезеңі: 2009 - 2016 жж.

Өтелімділік кезеңі: 3 жыл

Жобаның іске асырылу сатысы туралы қысқаша ақпарат: Бүгінгі таңда тапсырыс берушілер мен шикізаттың болмауына байланысты, зауыттың жұмысы тоқтап тұр, сондықтан қазір ЖШС құрылтайшылары мен Шанхай құрылтайшылары арасында келіссөздер жүріп жатыр.