Web Content Display

«ҚазАгро» АҚ ОҚО аграрлық кәсіпкерлерімен АӨК дамыту мәселесін талқылады

Республиканың агроөнеркәсіптік кешенін қолдаудың жаңа құралдары туралы және ауылдың тауар өндірушілерін қаржыландыру тәртібін оңайлату бойынша қолданылатын шаралар жөнінде бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл бизнесі өкілдерімен кездесу өткізген «ҚазАгро» ұлттық холдингі жұмыс тобы әңгімелеп берді.

Холдингтің басқарма төрағасы Дулат Айтжанов басқаратын делегацияның құрамына «ҚазАгро» АҚ барлық еншілес компанияларының өкілдері, сондай-ақ, жекелеген салалық бағыттарға жетекшілік ететін мамандар кірді. «ҚазАгро» сарапшылары қаржы мәселелерінен басқа, ОҚО ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен бірлесіп, мал шаруашылығын дамыту және аймақта инвестициялық жобаларды іске асыру барысы жөніндегі мәселелерді талқылады. «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниясы тобының АӨК дамытуға және қолдауға бағытталған қаржыландырудың көлемі 2013 жылғы 1 қаңтар жағдайында 171,5 млрд.теңгені құрады. Ағымдағы жылы холдинг агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттарын шешу үшін 139 млрд.теңгеден астам қаражат бағыттайды. Қаражат көктемгі-егіс жұмыстарын, ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуды, мал шаруашылығын дамытуды қаржыландыру үшін, инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға, шағын және орта бизнесті несиелеуге пайдаланылатын болады. ОҚО жұмыс сапары барысында «ҚазАгро» холдингінің өкілдері жалпы Қазақстандағы аграрлық өндірісті қолдау аспаптарын жетілдіруге бағытталатын кейбір жаңалықтармен бөлісті. Мысалы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ жеткізілетін ауылшаруашылық техникасының барлық спектрінің лизингі бойынша пайыздық ставканы субсидиялауды есеппке алғанда және қаржыландырудың барлық көздері бойынша 5,8 пайыз деңгейінде. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өнім тізбесін кеңейтеді және ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығынан тыс бизнесті қаржыландыруды бастайды. Бұдан басқа, корпорация несие серіктестігі жүйесі арқылы ауыл тұрғындарын несиелеуді, бүгінгі күні ауылда танымал болған «Сыбаға» мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша да несиелеуді жүзеге асырады. Өз кезегінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ пилоттық жобалардан  бастап «Сәтті» бағдарламасы бойынша Ислам даму банкі ұсынатын қаражатқа шағын несиелеуді жер-жерде пайдалануға көшті және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына да қосылды.  Аграрлық сала кәсіпкерлеріне қолайлы болу үшін «ҚазАгро» ұлттық холдингі 2013-2014 жылдар ішінде облыс орталықтарында өзінің еншілес компанияларының барлық аймақтық бөлімшелерін бір ғимарат астына орналастыру процессін аяқтауды жоспарлап отыр.  Филиалдары мен өкілдіктерін басқа жерге орналастыру жұмысы «ҚазАгро» холдингінің несие алуға қажет құжаттардың бөлігін электрондық форматқа көшіру бойынша қызметімен қатар жүзеге асырылады.

Бұрын да айтылғандай, ауыл кәсіпкерлерімен кездесу кезінде фермерлер бір ғимаратта қаржы қызметінің толық топтамасын алатындай болады.  «ҚазАгро» холдингі облыстық әкімдікпен бірлесіп қазірдің өзінде ОҚО пилоттық жобаны іске қосты, осындай жұмыс қазіргі уақытта Қостанай облысында да жүргізілуде. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қолдауға «ҚазАгро» холдингі биылғы жылы республикалық бюджеттен 60 млрд.теңге көлеміндегі қысқа мерзімді бюджеттік несие тартады.  2013 жылы несиелер өткен жылғы несие өнімдеріне ұқсас екінші деңгейлі банктердің және астық қолхаттарының кепілдігімен, шағын несие ұйымдарының жүйесі арқылы, сондай-ақ ӘКК кепілдігімен форвардтық сатып алу арқылы беріледі.   Осы ретте, несие серіктестігі жүйесі арқылы және міндеттемелері бойынша мерзімін кейінге қалдыру арқылы қосымша несие өнімдері енгізіледі.

Оралхан Дәуіт, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.