«ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Д.Н.Айтжановтың «Kazakhstan capitalist» журналына сұхбаты.

Сұрақ: Сіз басқарып отырған Холдингтің қызметі туралы айтып берсеңіз?

Жауап: Холдингтің стратегиялық миссиясы нәтижелілік, ашықтық және Холдингтің құрылымдарын тиімді басқару принциптерінде агроөнеркәсіптік кешенді индустриялық-инновациялық дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына мынадай 7 акционерлік қоғам кіреді:

«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ

«ҚазАгроҚаржы» АҚ

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

«ҚазАгроӨнім» АҚ

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

«ҚазАгроКепіл» АҚ

«Қазагромаркетинг» АҚ

Холдингтің және оның еншілес компанияларының қызметіне агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қаржы, сервистік және ақпараттық-маркетингтік қызмет көрсету кіреді. Холдинг компаниясы тобы ауылшаруашылық өндірісі және қайта өңдеуді, заманауи ауылшаруашылық техникаларын, арнаулы техникаларды, технологиялық және қайта өңдеу жабдықтарын, соның ішінде лизинг шартымен сатып алуды, бизнесті бірлесіп жүргізетін ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен ауыл тұрғындарының бірлестіктерін қаржыландыруды, ауылдық жерлердегі күнкөріс деңгейлері орташа және ортадан төмен үй шаруашылықтарын шағын несиелеуді жүзеге асырады.

Осы ретте аталған бағдарлама бойынша несиелеу шарттары еліміздегі басқа қаржы институттарымен салыстырғанда аса пайдалы.

Холдинг компаниясы тобы ішкі азық-түлік нарықтарын реттеу және тұрақтандыру саясатында маңызды рөл атқарады. Осындай мақсаттарда «ҚазАгро» холдингі ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне қолдау көрсету үшін мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және тиімді басқару жөніндегі жұмысты жалғастырады, мал шаруашылығы өнімдерін сатып алу операцияларын жүзеге асырады.

Сұрақ: Жақында «ҚазАгро» еуробондтарды орналастыру арқылы инвестиция тартты. Бұл қазақстанның АӨК не береді ?

Жауап: «ҚазАгро» ұлттық холдингінің еурооблигациялар шығару нәтижесіндегі Қазақстанның аграрлық секторына тартылған 1 млрд. АҚШ долларының инвестициялық құраушылардан басқа шаруашылықтар мен агроқұрылымдар  сияқты жалпы еліміз үшін де бірқатар басты мағынасы бар.

Біріншіден, пайдалы келісім батыстың ірі инвесторларының назарын Қазақстанның ауыл шаруашылығына аударды. Республиканың аграрлық секторын алғаш рет егеменділік деңгейінде бағалады және саланы қаражат сау үшін келешегі бар деп таныды. Бұдан басқа, Холдингтің халықаралық облигацияларын шығаруы аграрлық бизнеске өзінің қаржыландыру көздерін әртараптандыруға қосымша мүмкіндік береді.

Келісім  қағаздар айналымының осындай ұзақ мерзімінде қазақстанның эмитентінің дебюттік борыштық шығарылымының  рекордтық төменгі құнын белгіледі. «ҚазАгро» холдингінің орналастыруы шығарылым тарихындағы алғашқы республиканың қаржы, мұнайгаз, энергетикалық және  металлургиялық секторларына жатпайды, бұл Қазақстан экономикасының ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсібі саласындағы басқа да әлеуетті эмитенттер үшін келешекке маңызды жол ашады.

Орналастырудан түскен қаражат «2020» агроөнеркәсіптік даму бағдарламасының шеңберіндегі ұзақ мерзімді басым жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.

Сұрақ: Ауылдық жерлердегі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі Холдингтің жоспарлары туралы айтып беріңізші.

Жауап: АӨК өндірістің дамуын қолдаудың басты құралы несиелік-инвестициялық қызмет.

Өздеріңізге белгілі, инвестициялық жоба  жаңа өндірістерді құруды, қолданыстағы өндірістерді кеңейту және жаңартуды көздейтін іс-шаралар кешенін құруды көздейді, оған АӨК субъектілерінің тіркелген активтерін, оларды міндетті жаңарту арқылы сатып алу, сондай-ақ кейіннен оларды дамыту мақсатында агросектордағы өндірістік нысандарды лизингке сатып алу кіреді.

Холдингтің инвестициялық қоржыны құны 215 млрд.теңгенің 300 инвестициялық жобаларынан тұрады. 2013-2014 жылдары «ҚазАгро» холдингі республиканың агроөнеркәсіптік кешенінде құны 59,1 млрд.теңгенің 76 жобасын пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда 223 жоба іске қосылды, құны 151,01 млрд.теңге.

Биылғы жылы 8 ірі-тауарлы сүт фермаларында, 13 жылыжай шаруашылығында, 5 көкөніс қоймасында, 21 асыл тұқымдық репродуктор-шаруашылықтарда, 5 құс фабрикасында өндіріс іске қосылатын болады. Бұдан басқа, «ҚазАгро» холдинг 7 астық қоймасының құрылысын мен жаңартуды және                 4 шаруашылықта тамшымен суару жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.

Осы өндірістердің құрылысы және іске қосу кезеңдерінде 10,3 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде несие ставкаларын субсидиялау және инвестициялық субсидиялау бойынша қолдау көрсетудің жаңа құралдары көзделген, олар сүт және ет бағытындағы мал шаруашылығын, қой шаруашылығын және т.б. бағыттар бойынша ауылшаруашылық бизнесін дамытуға бағдарланған.

Осы бағыттар бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыратын қаражат Холдингте жоқ.

Бұдан басқа, «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес ағымдағы жылы ауылшаруашылық техникасының лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау жоспарланады. Холдинг аталған субсидиялау бағдарламасы аясында агробизнеске ауылшаруашылық техникасын жаңартуға қажет қаражатты беруге ниетті.  Келесі жылы да инвестициялық субсидиялау және қарыздары бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау бағдарламаларын іске қосу жоспарланады, ол АӨК қаржы қызметіне қолжетімділікті арттыруға ықпал етеді.

Сұрақ: Холдингтің алдында қандай міндеттер тұр?

Жауап:  Холдингтің 2013 жылғы негізгі міндеттерінің бірі АӨК субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге және жеңілдетуге бағытталған несие және бизнес процестерін жетілдіру болып табылады.

Құжаттарды жинақтау процессін жеделдету үшін несие алуға қажет құжаттарды электрондық форматқа көшіру және egov электрондық үкіметтің мемлекеттік қызмет жүйесіне несие процессін біріктіру жүзеге асырылатын болады. Қарыз алушы онлайн режимінде Холдингтің ақпараттық порталында оның өтінімінің қарастырылу барысын қадағалай алады.

АШТӨ қаржы және еңбек шығындарын азайту мақсатында облыстық деңгейде еншілес компаниялардың филиалдары мен өкілдіктерін бір ғимараттың астына орналастыру және аудандық деңгейде фермерлерге қызмет көрсету орталықтарын құру арқылы «бір терезе» принципі бойынша Холдингтің қызмет көрсетуін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта агробизнестің талаптарына сәйкес қаржы өнімдерінің желісін кеңейту мәселелері пысықталуда.

Сұрақ: Холдинг биылғы жылдың көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізуді  қандай көлемде қаржыландырды?

Жауап:   Ағымдағы жылы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге Холдинг 77 млрд.теңгеден астамды қабылдады, оның 51 млрд.теңгесі қазіргі уақытта шаруашылықтар мен агроқұрылымдарға жеткізілді. Бүгінгі таңда отандық аулшаруашылық тауар өндірушілерінен 71,9 млрд.теңгеден астам сомаға  3 891 өтінім келіп түсті. Олардың ішінде осы уақытқа дейін 51,2 млрд.теңгенің 2 898 өтінімі қаржыландырылды. Холдингтің еншілес компанияларының қарауында 16,4 млрд.теңгенің 609 өтінімі жатыр.

Бұдан басқа, егістік науқаны барысында шаруаларды қолдау шеңберінде Холдингтің еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ жалпы құны 10 млрд.теңгенің 1 070 бірл.ауылшаруашылық техникасын сатып алуға шарт жасады.

Аталған бағыт бойынша проблемалық мәселе жоқ, жұмыс жалғасуда.

Мақта өсірумен айналысатын шағын ауылшаруашылық тауарын өндірушілерді қолдау үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қаражаты есебінен шағын несие ұйымдары арқылы 10 айға дейінгі серзімге соңғы қарыз алушы үшін  8% ставкамен несиелік қарыз беріледі.

Сұрақ: Етті мал шараушылығындағы жобаларды іске асыру жөнінде айтып берсеңіз?

Жауап: «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру»   жобасына сәйкес В соответствии «ҚазАгро» холдингі отандық мал шаруашылығын дамытуға байланысты бірнеше бағыт бойынша қаржыландыруды жүзеге асырады.  Әңгіме – асыл тұқымды мал басын импорттау арқылы репродуктор-шаруашылықтардың желісін құру, аналық мал басын және асыл тұқымды бұқаларды сатып алу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерін несиелеу, дамыған инфрақұрылымы бар бордақылау алаңдарын құруды қаржыландыру туралы болып отыр.

Өткен екі жыл ішінде Қазақстанға 30 мың бастан астам асыл тұқымды мал алып келінді, соның ішіндегі 7,3 мың басы  ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің меншікті қаражаты есебінен әкелінді. 2011-2012 жж.жоспарлы көлемін орындау 136%-ды құрады.

Импортталатын малдардың бейімделуін қамтамасыз ету үшін берік жемшөп базасының болуына ерекше көңіл бөлінеді. 2012-2013 жж. қыстақ кезеңдеріндегі репродукторлардың дайындаған мал азығына Холдингтің жүргізген мониторингі қолдағы жемшөптердің көлемі бойынша да, құрылымы бойынша да жеткілікті екенін көрсетеді.

Жемшөп қорының 23,5 жемшөп бірлігінің нормативі кезіндегі  орташа қамтамасыз етілуі 120%-ды құрады.  Жемшөп қорларының құрылымындағы қара, балауса және концентрат жемшөптің жалпы салмағы 55, 16 және тиісінше  28%-ды құрады.

2011-2012 жылдар аралығында «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде шаруа қожалықтары мен фермерлік  шаруашылықтардың қаржыландыру бойынша жоспарды орындауы аналық мал басы бойынша 140%-ды және асыл тұқымды бұқалар бойынша 163%-ды құрады. Барлығы 115 мың ІҚМ сатыпалу қаржыландырылды, жоспардағысы 82 мың болатын. Бағдарламаны іс жүзінде жоғары белсенділікпен іске асыру республиканың барлық облыстарында байқалады.

Жемшөп өндірісін қолдау үшін шаруаларға берілетін қарыз қаражатының  15%-ына жуығы жеке жемшөп қорын дамыту  үшін беріледі.

Ағымдағы жылдың негізгі міндеті отандық етті экспорттық нарықтарға шығару, атап айтқанда Ресей нарығына шығару болып табылады. Бұл үшін «ҚазАгро» холдингі үстіміздегі жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде мал шаруашылығы кластерін құру жобасын іске асыруды бастады.

Оның негізгі мақсаты Жобаның барлық мүдделі қатысушыларының ресурстарын біріктіру және қазақстан етін өндіру және экспортқа өткізу кезіндегі транзакциялық шығындарды төмендету.

Консорциумның жұмыс механизмі малды жеткізуші шаруашылықтармен форвардтық мәміле жасасудың міндетті талабымен етті қайта өңдеуші кәсіпорындар мен қазіргі заманғы бордақылау алаңдарын ұзақ мерзімді, бір жарым жылға дейінгі қаржыландыруды болжайды.

Басқа сөзбен айтқанда, төлдің болашақтағы көлемі бойынша нақты келісілген сатып алу бағасымен бордақылау алаңдары мен ет комбинаттары шаруаларға алдын ала төлем жасайды, ал олар өз кезегінде алынған ақшаны өзінің өндірістік қажеттілігіне жұмсай алады, мысалы, жемшөп дайындауға, қосымша аналық мал басын сатып алуға пайдаланады.

Консорциумның жұмыс механизмі ауылшаруашылық тауар өндірушілері тарапынан оң баға алды және осы кезде Қазақстанда 7 аймақтық кластер құрылды.  Консорциумның жұмысына өздерінің қатысатыны жайлы 166 кәсіпорын растады, соның ішіндегі 21-і қайта өңдеуші кәсіпорындар, 36 репродукторлар мен бордақылау алаңдары, 109 малды жеткізуші-шаруашылықтар.

Сіздерге табыс тілеймін, көп рахмет!