Web Content Display

Қарауылов Қанат Серікұлы

Басқарушы директор – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі

1971 жылғы 16 ақпанда туған

Білімі:

Қазақ тұтыну кооперациясы институтын «қаржы және несие» мамандығы бойынша және РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Холдингтің еншілес ұйымдарында («Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ) басшылық және басқарушылық лауазымдарында, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 
 
2019 жылғы 16 қыркүйектен бастап «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып сайланды.