Web Content Display

Web Content Display

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек

1975 жылы 7 мамырда дүниеге келген. ҚазБСҚА (Алматы қ.) «сәулетші-дизайнер» мамандығы бойынша, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтады, экономика ғылымдарының кандидаты.

 

Әр жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелістікті қорғау жөніндегі агенттіктің темір жол көлігі және порттар бөлімінің басшысы, Үйлестіру және тарифтік саясат департаментінің тарифтік саясат бөлімінің басшысы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры лауазымдарын атқарды.

 

2005 жылдан бастап – ҚР Көлік және коммуникациялар вице-министрі.

 

2009 жылдан бастап — ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы.

 

2014 жылғы наурыздан бастап — ҚР көлік және коммуникациялар министрі.

 

2014 жылғы тамыздан бастап — ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

 

2016 жылғы маусымнан бастап — ҚР инвестициялар және даму министрі (13.09.2016–26.02.2018 – қайта тағайындалды).

 

2018 жылғы желтоқсан мен 2019 жылғы ақпан аралығында — индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

 

2019 жылғы 25 ақпаннан бастап Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің Орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

2019 жылғы 24 сәуірдегі №174 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің шешімі - бұйрығы бойынша «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

 

2019 жылғы 25 сәуірдегі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің сыртқы шешімі бойынша «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды.