Web Content Display

 

Web Content Display

2017 ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ ОҚИҒАЛАРЫ

267МЛРД 
ТЕҢГЕ

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ҚОЛДАУЫНА (БҰДАН ӘРІ – АӨ К) ЖҰМСАЛДЫ

Жалпы, 2017 жылы «ҚазАгро» Холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) АӨК-ті қолдауға 266,7 млрд теңге, осының ішінде несие беруге 245,7 млрд теңге жұмсады.

89,6МЛРД 
ТЕҢГЕ

ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАР АРҚЫЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Холдинг несиелік серіктестіктерді (бұдан әрі - НС) микроқаржылық ұйымдарды (бұдан әрі – МҚҰ), екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) және лизингтік компанияларды қорландыру көлемін ұлғайтып келеді. Осы құралдар арқылы несие беру көлемі 2016 жылғы 21%-дан 2017 жылы 37%-ға дейін өсті.

Холдингтің НС-ті қорландыру арқылы несие беру көлемі – 51 млрд теңге, ЕДБ арқылы - 31 млрд теңге, МҚ Ұ арқылы – 6,7 млрд теңгені құрады.

22МЫҢ

БЕРІЛГЕН НЕСИЕ

Холдингтік еншілес компаниялары - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Ақ бағдарламалары арқылы сәйкесінше 8 мың және 14 мың рет қарыз берілді. Қаржының орташа сомасы 11 млн теңгені құрады.

Жалпы сомасы 31 жаңа жоба енгізілді
36МЛРД 
ТЕҢГЕ

Холдингтің инвестициялық бағдарла-масы АӨК саласындағы жоғары техно-логиялық инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған.2017 жылдың қорытындысы бойынша Холдингтің портфелінде жалпы құны 376 млрд теңгені құрайтын 570 жоба бар. 
Бір жыл ішінде инвестициялық жобалар 222 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл жобалардағы еңбек өнімділігі орташа салалықтан 2 есе асып түсетін 2 026 мың теңгені құрады.

94%
Қаржыландырудың жалпы көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесі

Шағын және орта бизнеске (бұдан әрі-ШОБ) арналған несиелік ресурстардың қолжетімділігін кеңейту аясында Холдинг жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді.

2017 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ экспортқа шығаруға бағытталған өндіріске жеңілдікпен несие беруге арналған «Агроэкспорт» бағдарламасын іске қосқан болатын, осы бағдарлама аясында 17,5 млрд теңге сомаға 40 жоба қаржыландырылды.

2017 жылы Холдингтің несиелеуші еншілес компанияларында несие беру үшін талап етілетін құжаттардың саны 91-ден 59-ге дейін қысқартылды.

47%
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІНДЕГІ ХОЛДИНГТІҢ ҮЛЕСІ

2017 жылы Холдингтің агроөнеркәсіптік кешенге несие берудің жалпы көлеміндегі үлесінің өсуі сала субъектілерін тікелей және тікелей емес (жанама) қаржыландыру есебінен байқалды.

АӨК секторына Холдингтің бағдарламалары арқылы несие беруге ЕДБ де тартылды. Бұл Холдингтің ЕДБ-ні кейін АӨК субъектілеріне несие беру үшін қорландыру көлемін 2016 жылмен салыстырғанда 9%-ға, яғни 31 млрд теңгеге арттырды.