Web Content Display

«ҚазАгро» холдингі» АҚ еншілес компанияларын бәсекелес ортаға беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын бекіту туралы»  2014 жылғы                                 31 наурыздағы № 280 қаулысына сәйкес, басымдықты тәртіпте бәсекелес ортаға беруге ұсынылған  ұлттық басқарушы холдингтердің ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының және олармен аффилирлендірілген басқа заңды тұлғалардың тізіміне «ҚазАгро» холдингі» АҚ кейбір еншілес компаниялары енгізілген. 
Инвесторларға сату үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ және «ҚазАгроӨнім» АҚ акцияларының 100%-ы ұсынылады.  Компанияларды өткізудің тәртібі, мерзімдері және шарттары туралы ақпарат қосымша беріледі. 
«ҚазАгро» холдингі» АҚ аталған еншілес компаниялардың акцияларын сатып алуға мүдделі әлеуетті стратегиялық инвесторлармен ынтымақтастық мәселесін қарастыруға дайын.