Web Content Display

Жәмішев Болат Бидахметұлы

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі 
1957 жылы 28 маусымда Талды-Қорған облысы Гвардия ауданы Алтын Емел ауылында дүниеге келді. 
 
Білімі:
Қазақ ауылшаруашылық институтын бітірді. 
Экономика ғылымдарының кандидаты.
 
Еңбек қызметі:
1981-1984 жж.  Совхоз агрономы.
1984-1992 жж.  Экономика және агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыру ҚазҒЗИ аспиранті, кіші, аға ғылыми қызметкері, оқу хатшысы 
1992-1993 жж.  Қазақстан кәсіпкерлер Конгресі атқарушы комитетінің референті, төрағасының орынбасары. 
1993-1997 жж.  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі экономикалық зерттеу және болжамдар департаменті директорының орынбасары, келешек зерттеулер орталығының директоры, зерттеулер және статистика орталығының директоры.
1997 ж. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің директоры.
1997-1999 жж. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
1999-2001 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі, бірінші вице-министрі.
2001-2002 жж. Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі.
2002-2003 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі, бірінші вице-министрі.
2003-2004 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары.
2004-2006 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы.
2007 ж. Евразиялық даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары, басқарушы директоры.
2007-2013 жж. Қазақстан Республикасының қаржы министрі.
2013 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі 
 
Наградалар:
Орден «Құрмет». Мерекелік медаль «10 жыл Астана»