Web Content Display

Құсайынов Марат Әпсеметұлы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі 
 
1965 жылы 27 қаңтарда Шымкент облысы Түркістан қаласында дүниеге келді. 
 
Білімі
 
Алматы халық шаруашылығы институтын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Ұлттық Жоғары Мектебін бітірді. 
 
Еңбек қызметі
 
1988-2006. Қызылорда қалалық атқару комитетінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінде, Қаржы министрлігінде, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс.
 
2006-2010. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
 
2010-2013. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі.
 
2013 жылдың ақпанынан бастап. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.  
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
 
Наградалар
 
Орден  «Құрмет», медаль «Ерен еңбегі үшін»