Миссия, мақсаттар, даму стратегиясы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қантардағы № 52 қаулысына сәйкес «ҚазАгро» холдингі» АҚ миссиясы, пайымдауы, 2011-2020 жылдарға арналған қызметінің стратегиялық бағыты, мақсаттары, міндеттері, қызметінің түйінді көрсеткіштері анықталды.

Холдингтің миссиясы

Холдингтің миссиясы нәтижелілік, ашықтық және Холдингтің құрылымдарын тиімді корпоративтік басқару принципінде АӨК индустриялық дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

Холдингтің пайымдауы

Холдинг 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының АӨК салаларының тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы жетекші басқарушы компания болады.

Ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды стратегиялық жобаларының қаржылық операторы бола отырып Холдинг АӨК өндірістік, ақпараттық және сервистік инфрақұрылымын әрі қарай дамытуды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік және тартылған қаражатты қолжетімді, мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін болады.

2020 жылы Холдинг және оның барлық еншілес құрылымдары корпоративтік басқару рейтингіне ие болады, ол қызметінің ашықтығы мен адам әлеуетін дамытудың жоғары өлшемі негізінде Холдинг компаниясы тобының корпоративтік дамуының жоғары мәдениетін дәлелдейді.

Холдингтің қызметінің стратегиялық бағыттары

1. Индустрияландыру және әртараптандыру арқылы АӨК еңбек өнімділігінің  өсуін ынталандыру.
2. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу.
3. АӨК экспорттық әлеуетін дамытуға және іске асыруға жәрдемдесу.
4. АӨК субъектілерін қолдау жөніндегі қызметтің қолжетімділігін арттыру.
5. Корпоративтік басқару сапасын және холдинг қызметінің ашықтығын арттыру.