Web Content Display

 

Қазақстан туралы

Қазақстан — бай мәдениеті мен терең тарихы бар Еуразия кіндігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 2,7 млн. шаршы шақырымды алып жатқан кең байтақ Қазақ елі территориясы бойынша әлемде 9-ыншы орында тұр. Елдегі тұрғындар саны – 18,4 млн. адам.

 

Пайдалы қазбалар

Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі: оның қойнауында Менделеев кестесіндегі 99 элемент кездеседі. Осы қорлардың 70-і барланған, ал 60-тан астамы қазір өндіріс үстінде.

Қазақстан барланған мырыш, вольфрам мен барит қоры жөнінен әлемде бірінші, күміс, қорғасын және хромит бойынша — екінші, мыс пен флюориттен — үшінші, молибденнен — төртінші, ал алтын қоры бойынша алтыншы орында тұр.

Сонымен қатар, Қазақстан — табиғи уран қоры мен оны өндіру бойынша әлемдік көшбасшы. Алдағы жылдары елімізде уран өндірісінің толық циклін құру жөніндегі жоба жүзеге аспақ.


 

«Қазақстан-2050» стратегиясы

«Қазақстан-2050» стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» мемлекет алдына 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу өршіл мақсатын қояды.

Бұл мақсатқа экономикаға жасалатын инвестиция көлемін айтарлықтай ұлғайтқан және еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттырған жағдайда қол жеткізуге болады. Қазақстан Үкіметі осы мақсаттарды іске асыру үшін білек сыбана кірісіп те кетті.

 

Логистикалық әлеуеті

Орналасуы

Еуропа мен Азияның қақ ортасында орналасуы Қазақстанның құрлықтық жүк тасымалында ыңғайлы торап болуына мүмкіндік береді. Ежелгі Ұлы Жібек жолының нақ осы аумақпен өтуі де тегін емес.

Құрғақ порт

Қазақстанда қазірдің өзінде қуаттылығы жылына 4,4 млн тонна жүк тасымалын құрайтын «құрғақ порт» — «Қорғас — Шығыс қақпасы» ашылды.

Жаңа Жібек Жолы

Бүгінде бірнеше мемлекеттің күш салуымен Жаңа Жібек жолы — ауқымды жобасы жүзеге асуда. Ол Қазақстан мен Ресей арқылы Қытай мен Еуропаны байланыстыратын құрлықтық темір жол қатынасын жолға қояды.

Теңіз порты

Қазақстан Республикасындағы жалғыз теңіз порты Ақтау, Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Ол түрлі құрғақ жүктердің, шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің халықаралық тасымалымен айналысады. Ол жыл он екі ай бойы жұмыс істейді.

 

Инвесторлар үшін тартымдылық

Қазақстан Үкіметі шетелдік инвесторларды тартуға мүдделі. Сонымен қатар, республикада инвесторлар үшін қолайлы бизнес-ахуал қалыптастыруға және кәсіпкерлік қызметпен кедергісіз айналысуға баса назар аударылуда.

 

 

Қолайлы инвестициялық климат

Дүниежүзілік банктің Doing Business-2019 рейтінгісі бойынша Қазақстан 25 орында, оның ішінде:

#7

«Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша

#4

«Келісімдердің орындалуын қамтамасыз ету»индикаторы бойынша

#24

«Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша

#22

«Кәсіпорындарды тіркеу» индикаторы бойынша"

#42

«Төлем қабілетсіздігін шешу» индикаторы бойынша

 

Қолайлы салықтық режим

Салықтар мен әлеуметтік жинақтар бойынша жалпы ставка (Doing Business 2019 Paying Taxes санатында)

Қазақстан

29,4%

Ресей

46,3%

Өзбекстан

48,17%

Қытай

64,9%



Бизнес ашудың оңтайландырылған рәсімдері

 







 

 

Салық салудың қолайлы шарттары

Doing Business 2019 Paying Taxes санатындағы рейтингісі

Гонконг 1
Сингапур 8
Австралия 26
Германия 43
Қазақстан 56
Польша 69
Түркия 80
Израиль 90
Жапония 97
Италия 118