Web Content Display

Web Content Display

Web Content Display

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР ЖӘНЕ «ҚАЗАГРО» ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

 

Сіздердің назарыңызға «КазАгро» Холдингі» Акционерлік Қоғамының 2018 жылға арналған Жылдық есебін ұсынамыз. Өткен жылы біз Холдингтің стратегиялық мақсаттарына жету үшін ауқымды және маңызды жұмыс атқардық. Басты мақсатымыз Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының іскерлік тиімділігін арттыру, бизнес үрдісін жақсарту және соңғы уақытта туындаған талаптар биігінен көріну болды. Алайда уақытша туындаған қиындықтар Холдингтің саланы кең ауқымда қорландыруына кедергі бола алмады. 2018 жылы отандық аграрлық саланы қаржыландыруға 400 млрд. теңге бөлінді.

Бұл Холдинг және оның еншілес компаниялары жұмыс істеген жылдар бойы бұрын-соңды болмаған жетістік еді. Қаржының 96%, немесе 385 млрд. теңге несиелендіру мен лизингке бағытталды. Өткен жылы 20 мыңға жақын несие берілді. Банктердің ауыл шаруашылығын қаржыландыруға ынтасы төмендеуі жағдайында

Холдинг жеке қаржылық ұйымдардың қызметін пайдалануға қол жеткізу мүмкіншіліктерін белсенді түрде кеңейтті. Несиелік серіктестерді, микроқаржылық ұйымдарды, екінші дәрежелі банктерді және лизигтік компанияларды қорландыру арқылы несие беру көлемі 132 млрд. теңгеге дейін, немесе шамамен 48% артты.

Агроөнеркәсіп кешені саласында мақұлданған инвестициялық жобалар көлемі екі есе артты. Бұл бірлескен кәсіпорындарды дамытып, осы салаға инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасалып отырғанын көрсетеді. Холдингтің әлеуметтік-экономикалық жұмысын жандандару үшін де көп күш жұмсалды.

Біз ауылдық жерлерде ұзақ мерзімді және арзан несие бөліп аграрлық бизнесті дамыту арқылы агроөнеркәсіп саласында жұмыспен қамту көлемін кеңейту үшін тынбай жұмыс жүргізіп келеміз.

2018 жылы қол жеткен біз үшін маңызды жетістіктерге тоқталайық. 2017 жылдың қаржылық қорытындысы қолайлы болмады. Мұның себебі елдің экономикасына ауыр соққы болып тиген ақшаның құнсыздануы еді. Мұның зардабы қазір де сезіліп отыр. Осы жағдайда біз аграрлық бизнестегі қазақстандықтарға барынша пәрменді қолдау көрсетіп, қаржы тарту үшін бұрын орналастырылған валюталық облигацияларды қайта сатып алудың қысқа мерзімді стратегиясын қолдандық. Бұл қадам бізге валюта тұрақсыздығынан туындаған ауыр зардапты барынша жеңілдетіп, шетел валютасымен алынатын қарыз көлемін барынша төмендетуге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта біз валюта нарығындағы толқулардан толық тәуелсіз болуға жақын қалдық. Барлық қол жеткен жетістіктер Холдингтің және оның еншілес компанияларының жаңадан ұлттық валютамен қарыз ақша алып, ол қаржыны агроөнеркәсіп кешенін қолдауға жұмсауына мүмкіндік береді. Өйткені бұл саланы үздіксіз дамыту үшін қосымша қаржы қажет.

Сонымен қатар, біз несиелер мен қызметтердің жаңа түрін енгіздік. Мысалы, өткен жылы бұдан бұрын тоқтап қалған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында мал басын ұлғайтуға бағытталған несиелеудің «Сыбаға» бағдарламасын қайта жандандыруды сәтті жүргіздік. Несиелеудің жылдың екінші жартысында басталғанына қарамастан біз бұрын-соңды болмаған деңгейде фермерлердің бұл бағдарламаға қызығушылығын ояттық. Өткен жылдың жоспарланған көрсеткіштері орындалды, ал бағдарламаны орындау барысы барынша белсенді түрде жүргізілуде.

Біздің еншілес компанияларымыз, несиелік бағдарламалардың операторлары бола отырып, орталықтарда және жергілікті жерлерде біздің қаржылық қызметімізді тұтынушылармен бірлесе барынша тиімді жұмыс істеудің заманауи технологиялары мен әдістерін енгізуді жалғастыруда. Сонымен қатар, фермерлерді оқытып, олардың өз аграрлық бизнесін ашуға деген ынтасын арттыру мақсатында жергілікті жерлерде біліктілік орталықтары ашылуда. Көшбастаушы жоба ретінде бүгінгі күні Холдинг өз қызметін сандық жүйеге көшіріп отыр. Бұл жұмысты тежеп отырған бір жағдай – сандық жүйедегі қызметті пайдаланушылардың аздығы. Осыған қарағанда бюрократиялық сарқыншақтар әлі толық жойылды деп айтуға болмайды. Алайда біз бұл қызмет түрін барынша қолайлы және тұтынушылар үшін тартымды етуге тырысып отырмыз. Сөзімді аяқтай келе, өткен жыл біз үшін белгілі бір дәрежеде шешуші жыл болды демекпін. Біз белсенді түрде сыртқы ортаны өзгертуге ұмтыла отырып, өзіміз де өзгердік.

Экономикалық нақты жағдайдан туындаған қатаң талаптарды басшылыққа ала отырып, біз Холдингтің құрамын және жұмыс үрдісін барынша жетілдірдік. Жұмысты іс жүзінде дағдарысқа қарсы күрес жағдайында жүргізіп, біз өткен жылы Холдингтің корпоративтік брендінің абыройын сақтап қалу, оның қаржылық жағдайын жақсарту, және ең маңыздысы, біздің қызметімізді тұтынушылардың және Холдингтің өзінің қызметкерлері алдындағы ұжымдық жауапкершілігін арттыру үшін қажеттінің бәрін жасадық.

Бізге әлі де көр жұмыс жүргізу қажет. Бірақ Холдингтегі өзгерістер қазірдің өзінде анық байқалады. Оларды біздің стейхолдерлер – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, Үкімет, жалғыз акционерлеріміз – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі, біздің корпоративтік саладағы әріптестеріміз, және күн сайын өзінің күш-жігері мен білімін байтақ еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыруға жұмсап, агроөнеркәсіп кешенін көркейтуге еңбек етіп жүрген қызметкерлеріміз де көріп отыр.

Ең ізгі тілекпен, Рүстем Құрманов