Web Content Display

Web Content Display

Омаров Сапархан Кесікбайұлы

1968 жылы 5 мамырда Шымкент облысының Қызылқұм ауданы, Утрабат бекетінде туған.

1995 жылы Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономика академиясын экономист мамандығы және 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1986–1988 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын атқарды.

1995–1996 жылдары Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

1996–1998 жылдары – Мемлекеттік азық-түлік келісімшарт корпорациясында бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары;

1998–2006 жылдары – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-да басқарма бастығы, департамент директоры, басқарушы директор;

2006 –2007 – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның вице-президенті;

2007–2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары;

2008–2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

2011–2014 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып қызмет атқарған.

2014 жылдың 4 наурызынан 2016 жылдың 3 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының вице-министрі.

2016 жылдың 24 наурызынан – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мєжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы.



2016-2018 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты.



«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Тыңға 50 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, марапатталған.

2019 жылғы 24 сәуірдегі №174 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің шешімі - бұйрығы бойынша «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.