Web Content Display

 «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысымен бекітілген Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларына сәйкес, Жалғыз акционердің шешімі қабылданған туралы хабарлайды: 

1. Акционерлік қоғамының акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тұлғасындағы Жалғыз акционердің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №156 шешімі;

2. Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер - «ҚазАгро ұлтық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу және шығындарын өтеудің кейбір сұрақтары туралы;

3. акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер, дауыс берудің (нәтижелердің) қорытындысын көрсетумен:

1) анықталды:

 шешімнің 1 қосымшасына сәйкес «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу және шығындарын өтеу шарттары;

 шешімнің 2 қосымшасына сәйкес «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі мүшелірне сыйақы мөлшері;

2) «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу және/немесе шығындарын өтеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 360 бұйрығы - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы жалғыз акционерінің шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3) шешім қол қойылған күнінен күшіне енеді.