Web Content Display

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысымен бекітілген Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларына сәйкес, Жалғыз акционердің шешімі қабылданған туралы хабарлайды: 

1. Акционерлік қоғамының акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тұлғасындағы Жалғыз акционердің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №157 шешімі;

2. Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер - «ҚазАгро ұлтық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ережелерін бекіту туралы:

1) қоса берілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына Директорлар кеңесі туралы ережелері бекітілді;

2) шешімі қол қойылған күнінен күшіне енді.