Құс фабрикаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту

Қаржыландыру шарттары:

АТАУЫ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ НЕГІЗГІ ҚАРАЖАТТАР АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТТАРЫ
Құрал қарыз қарыз /лизинг қарыз
Қаржыландыру мерзімі 12 жылға дейін 5 жылға дейін
Қарыз алушының ортақ қаржыландыру жобаның жалпы сомасынан 15% бастап
Пайыздық мөлшерлеме жылдық 6 %
Жылдық тиімді мөлшерлеме жылдық 6,5 % дейін
Қамтамасыз ету қажет қажет / - қажет
Негізгі борышты төлеу жылына 1 реттен кем емес **
Сыйақы төлеу кварталына 1 реттен кем емес **
Жеңілдікті кезең 2 жылға дейін

** Лизинг/қарыз бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді өтеу кестесі іске асырылғалы отырған жобаның ерекшелігіне қарай және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Несие комитетінің шешіміне сәйкес «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тарапынан «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақша қаражаттарын бөлу шарттары өзгерген жағдайда, жекелеген түрде белгіленуі мүмкін. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақшалай қаражат бөлу шарттары өзгертілген жағдайда жекелеген түрде белгіленуі мүмкін. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақы төлеу дүркінділігі жалпы қаржыландыру шарттарында көрсетілгеннен кем болмауға тиісті.

«Құс фабрикаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту» инвестициялық бағыты бойынша ықтимал қарыз алушы келесі талаптарға сәйкес келуге тиісті:

  • құқықтық қабілетті және төлеуге шамасы келетін болуға;
  • үш айдан асқан салық берешегі болмауға;
  • қайта құрылу, жойылу, банкротқа ұшырау сатысына жатпауға;
  • кәсіпкерлік қызметте ресми-құқықтық шектеуліктері болмауға;
  • мерзімі өткен несие берешектері болмауға;
  • жағымсыз несие тарихы болмауға;
  • инвестицияланған қаражаттардың қайтарылмау тәуекелдіктерін барынша азайту үшін және қоғамнан алған қаржыландыру бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қолында жеткілікті кепілдікті базасы немесе басқа да ресурстары болуға;
  • инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін білікті қызметкерлер құрамы болуға;
  • ықтимал қарыз алушылардың тиісті басқару органдарының инвестициялық жобаны іске асыру туралы өз еркін білдіруін растауға;
  • меншікті жемшөп базасы болуға немесе құрылатын өндірісті басқа көздер есебінен жемшөппен қалыпты қамтамасыз ету мүмкіндігі болуға;
  • ортақ қаржыландыру үшін инвестициялық жобаның жалпы құнынан 15% кем емес көлемінде меншікті және/немесе басқа көздерден тартылатын қаражаттары болуға;
  • су-, жылу- және электр энергиясы көздеріне мүмкіндігі болуға; 
  • шаруашылықтың ветеринарлық саулығы.

Инвестициялық жобаларға келесі талаптар қойылады:

  • өндірілетін өнім (құс етін) көлемін көбейте отырып, жаңа өндірістің құрылуын немесе қолданыстағысының ұлғайтылуын және/немесе модернизациялануын қамтамасыз ету; 
  • инвестициялық жобаның техника-экономикалық негіздемесінің болуы (бизнес-жоспар);
  • өтімділігі және жобаның өтімділік мерзімінің қаржыландыру мерзіміне барабарлығы;
  • қазіргі заман технологияларының қолданылуы;
  • жергілікті өндірушілердің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін басым пайдалану мүмкіндігі;
  • оң таза келтірінді құн есебінің (NPV) болуы және инвестициялық жобаның басқа көрсеткіштерінің тиімділігі (WACC және т.б.);
  • жаңа өндіріс құрылатын (салынатын) немесе ұлғайтылатын және/немесе модернизацияланатын жер телімдеріне, сонымен қатар пайдаланылатын жемшөптік жерлерге және инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде пайдалануға және оларды қоғамнан алынған қаржыландыру бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қоғамға кепілдікке табыстауға жоспарланған басқа жерлерге ауыртпалықтардың болмауы;
  • ауыл шаруашылығы, технологиялық жабдықтардың және басқа да жылжымалы мүліктің (арнаулы техника мен жабдықтар, асыл тұқымды мал және т.б.) жеткізушілерін таңдау мәселелерінің пысықталғандығы, жеткізушілермен жабдықтың жеткізілу және монтаж жасалу мерзімдерінің, оның техникалық спецификациясының, сондай-ақ, басқа да шарттардың келіскендігі;
  • егер инвестициялық жоба арқылы қолданыстағы өндірісті модернизациялау көзделсе, модернизация жасалатын орынның қазіргі заман технологиялық жабдықтар мен техникаларға монтаж жасауға жарамды болуы;
  • экологиялық қауіпсіздік.

Инвестициялық жоба қамтуға тиісті:

  • құсты еден үсті және клеткада ұстаудың озық технологияларының енгізілуін.

http://kaf.kz/kz/products_company/invistitsionnye_projects/poultry_farm/