Web Content Display

«ҚазАгро» холдингі» АҚ Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес бәсекелес ортаға беруге  Холдингтің 17 тәуелді ұйымдары мен 3 еншілес компаниялары жатады.

Еншілес компаниялар бойынша (Кешенді жоспарға 3-қосымша):

1. Холдингпен бәсекелес ортаға Холдингтің еншілес акционерлік қоғамдарын (бұдан әрі - ЕАҚ) беру процестерін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарын бекіту жөніндегі іс-шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, әзірленіп, Ұлттық экономика министрлігімен келісілді және Холдингтің Директорлар кеңесімен Активтер мен ұйымдарды бәсекелес ортаға беру ережелері бекітілді (Холдингтің ДК 2016 жылғы 3 мамырдағы № 3 шешімі).

2. Холдингтің Басқармасының шешімімен «ҚазАгро» холдингі» АҚ Жобалық офисі құрылды және оның Ережесі бекітілді (Басқарманың 2016 жылғы 4 мамырдағы №22 шешімі).

Жобалық офистің құрамына Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының өкілдері, АШМ, Қазақстан қор биржасы мен «Атамекен» ҰКП өкілдері кірді.

3. Холдингтің Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі шешімімен бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес компанияларының тізімі бекітілді:  «ҚазАгроҚаржы» АҚ,   «КазАгроӨнім» АҚ,  «Қазагромаркетинг» АҚ.

4. «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 719 қаулысымен «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Кешенді жоспардан алынып тасталды.

5.  Холдингпен Холдингтің жеке еншілес акционерлік қоғамдарын бәсекелес ортаға беру процессін сүйемелдеу жөннідегі Консультанттың қызметін сатып алу рәсімдері жүргізілді.

Өткізілген сатып алулардың қорытындысы бойынша Делойт компаниясы анықталды.  Холдингпен ү.ж. 30 қарашада «Делойт ТСФ» ЖШС қызмет көрсетуге шарт жасалды.  

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10 қазандағы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында  (№35 хаттаманың 2.2.тармағы)  Холдингте еншілес компанияларды бәсекелес ортаға беру жөніндегі Жол картасы бекітілді (18 қараша).

Тәуелсіз консультантпен еншілес компаниялардың инвестиция алды талдауы жүргізілгеннен және ұсыныстар дайындалғаннан кейін, аталған Жол картасы қосымша кеңейтіледі және және Жобалық офис мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып нақты іс-шаралар мен мерзімдері бойынша айқындалады.

7. Жобалық офистің төрт отырысы өткізілді (ү.ж. 2, 9 қыркүйекте, 25 қараша және 9 желтоқсанда).  9 желтоқсандағы соңғы отырыста тәуелсіз Консультанттың жұмысының жоспар-кестесі келісілді. Консультанттың жұмыс жоспарына мынадай негізгі іс-шаралар кіреді:  ақпарат жинақтау, ЕАҚ қаржы-экономикалық қызметін талдау, соның ішінде қазіргі тәжірибелерді бәсекелес ортаны талдау және зерттеу; қаржы моделін әзірлеу, жекешелендірудің әсерін талдау және салдары,  соның ішінде салаға, жекешелендірудің несие рейтингіне әсері, сату нұсқаларын талдау; Жол картасының инвестициялық тартымдылығын жоғарылату жөніндегі жобаларын әзірлеу.

Қазіргі уақытта компания олардың тиімді сату алдындағы дайындығы жөніндегі жол картасын әзірлеу үшін компанияның инвестиция алды талдауын жүзеге асырады.

Талдау нәтижесі бойынша, Холдингпен наурызда Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияға жеке компанияларды сату алдындағы дайындық жөніндегі  ұсыныста енгізілетіні күтіледі.  Компанияларды сатуға шығару мерзімі компанияны сату алдындағы келісілген шараларға қатысты болады.

Холдингтің 17 үлестес компанияларының бәсекелес ортаға беру бойынша

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарымен көзделген 17 үлестес компаниялары бойынша қазіргі уақытта 4 компанияның қатысу үлестері сатылды: «AgroExport LTD» ЖШС, «AgroTradeExport» ЖШС, «Махамбет» ШНҰ және «Жігер Есіл» ШНҰ.  Басқа үлестес компанияларды сату бойынша жұмыс жалғасуда.

 Объектілерді сату туралы ақпарат