Web Content Display

ҚР АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы және  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгро» холдингі» АҚ компаниялары тобымен қаржыландыру үшін басым  бағыттарды іске асыру жоспары.

I.

II. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама)іске асыру мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 109 бұйрығымен бекітілді:
 
1) Шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі несиелеу және шағын несиелеу ережелері, оны «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Корпорация) және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) басшылыққа алады:
Қор Бағдарламаны Игілік, Береке, Егiнжай, Кәсіпкер, Ынтымақ несие бағдарламалары арқылы іске асырады (несиелеу шарттары Қордың сайтында). Қосымша ВНД әзірлеу қажет етілген жоқ.
Корпорация Бағдарламаны Іскер несие бағдарламасы арқылы іске асырады (несиелеу шарттары Корпорацияның сайтында). Қосымша ВНД әзірлеу қажет етілген жоқ.

2) Шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі шағын қаржы ұйымдары мен несие серіктестіктері беретін шағын несиелер бойынша кепілдендіру ережелері, оны ҚАК басшылыққа алады:
ҚАК, өз кезегінде шағын несиелерді кепілдендіру бойынша «ҚазАгроКепіл» АҚ қызметінің регламентін әзірледі (ҚАК Басқармасының 17.04.2017ж. шешімімен бекітілген), ол кепілдік беру тәртібін реттейді, және шағын несиелерді/несиелерді кепілдендіру жөніндегі Комитет туралы ережені әзірледі. Қазіргі уақытта ҚАК мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен Кәсіпорынның қаржы жағдайын анықтау әдістемесінің және Шағын несиелерді кепілдендіру саясатының жобалары келісуде жатыр.

2017 жылы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде келесі индикативтер анықталған:
1. ауылдағы берілген шағын несиелер саны – 3 300 бірлік;
2. ауылдағы берілген кепілдік саны – 720 бірлік;
3. ауылдағы қаржыландырылған стартап жобалардың үлесі – бөлінген соманың 20%-ы.

 Сұрақ туындаған жағдайда келесі байланыс бойынша хабарласуыңызға болады:

Қаржыландыру бағдарламалары бойынша сұрақтармен – Кенжегулов Данияр Тожмуратович , + 7(7172)-705-643, D.Kenzhegulov@kazagro.kz№

 

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы