Web Content Display

Web Content Display

«Қазақстанның құс өсірушілері одағы» заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің президенті
1949 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Ұйғыр ауданы Чарын ауылында туған

Білімі

1972 жылы Семей зоотехникалық-мал дәрігерлік институтты «Ветеринария» мамндығы бойынша аяқтаған.

Еңбек қызметі

1972-1976 жж. – Талдықорған облысының Панфилов ауданы Киров колхозында құс өсіру жөніндегі аға мал дәрігері, бас мал дәрігері
1976-1979 жж. – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Алексеевка құс фабрикасының бас мал дәрігері, Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары, парторг
1979-1985 жж. – Алматы облысы Жамбыл ауданы «Степная» құс фабрикасының бас мал дәрігері, Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары
1985-1995 жж. – Торғай облысы Есіл құс фабрикасының директоры
1995-2003 жж. – Алматы облысы Алексеев құс фабрикасының, «Вент» АҚ,  «Сеймар» АҚ, «Когер ЛТД» ЖШС  директоры
2003-2009 жж. – Алматы облысы «Алматы құс фабрикасы» ЖШС директоры
2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Қазақстанның құс өсірушілері одағы» заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің президенті

Марапаттары

1-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» медалімен марапатталған және Құс шаруашылығы саласының құрметті қызметкері атағы берілген, сондай-ақ Қазақ Мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ұлттық-зерттеу институтына 80 жыл медалімен марапатталған.