Web Content Display

Web Content Display

 

Премьер – Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі

Шөкеев Өмірзақ Естайұлы

Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдады, кейін сол жоғары оқу орнында аспирантураны бітірді. Еңбек жолын Алматы қаласындағы жоспарлау үрдістерін автоматтандыру ҒЗИ-да инженер болып бастады.

Әр түрлі жылдарда ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі, ҚР Президентінің экономикалық Кеңесшісі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - экономика министрі, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан  облыстарының және Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарды. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметінде жұмыс істеді.  Осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарып , «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында болды. Мемлекет Басшысының Жарлығымен 2017 жылдың 15 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тұлғасындағы Жалғыз акционердің 2018 жылғы 1 ақпандағы №53 шешімімен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.