Web Content Display

Web Content Display

Әлихан Асханұлы Смайылов

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

1972 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, мамандығы: қолданбалы математика, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты, мамандығы:  мемлекеттік басқару.

Еңбек қызметі:

Еңбек жолын 1993 жылы «А-Инвест» Инвестициялық-жекешелендіру қорында бастаған.

1995 жылдың желтоқсанынан бастап 1996 жылдың тамызы аралығында – Алматы қаласы әкімшілігінің Сауда және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы;

1994 жылдың маусымынан бастап 1996 жылдың мамыры аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтының студенті;

1996 жылдың тамызынан бастап 1998 жылдың наурызы аралығында – Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінде басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы;

1998 жылдың наурызынан бастап 1998 жылдың сәуірі аралығында  - Қазақстан Республикасы Статистикалық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары;

1998 жылдың сәуірінен бастап 1999 жылдың қарашасы аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

1999 жылдың қарашасынан бастап 2003 жылдың ақпаны аралығында – Қазақстан Республикасы Статиститка агенттігінің төрағасы;

2003 жылдың ақпанынан бастап 2003 жылдың маусымы аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің вице-министрі;

2003 жылдың маусымынан бастап 2006 жылдың қаңтары аралығында – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы;

2006 жылдың ақпанынан бастап 2007 жылдың қаңтары аралығында – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;

2007 жылдың қаңтарынан бастап 2008 жылдың қарашасы аралығында  - «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті;

2008 жылдың қарашасынан бастап 2009 жылдың қазаны аралығында - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;

2009 жылдың қазанынан бастап 2014 жылдың тамызы аралығында – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы;

2014 жылдың тамызынан бастап 2015 жылдың желтоқсаны аралығында  - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы;

2015 жылдың желтоқсанынан бастап 2018 жылдың қыркүйегі аралығында - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 744 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалды.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тұлғасындағы Жалғыз акционердің 2018 жылғы 30 қарашадағы №482 шешімімен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. 

Отбасылық жағдайы:

Үйленген, екі баласы бар.

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, құрметті атағы:

«Ерен еңбегі үшін» медалімен - 2018 ж., «Құрмет» орденімен -2014 ж., «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» II дәрежелі медальдарымен марапатталған.