Web Content Display

«ҚазАгро» холдингі» АҚ әлеуметтік жауапкершілігі

«ҚазАгро» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 17 шешімімен бекітілген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Әлеуметтік саясатына сәйкес,  аталған саясаттың негізгі міндеттерінің бірі «ҚазАгро» холдингі» АҚ және оның еншілес акционерлік қоғамдарының әлеуметтік жауапкершілігін қамтамасыз ету болып табылады.
«ҚазАгро» холдингі» АҚ және оның еншілес акционерлік қоғамдарының әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде жыл сайын сұрапыл апат барысында және басқа жағдайларда зардап шеккен азаматтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрмысы төмен мұқтаж  жандарына  демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі.  Сонымен, «ҚазАгро» холдингі» АҚ мен оның қызметкерлеріне материалдық қолдау көрсету мақсатында ерікті аударымдар есебінен 2013 жылы келесі тұлғаларға қайырымдылық көмек көрсетілді:
1) Алматы қаласының маңындағы ұшақ  апатының нәтижесінде мерт болған азаматтардың отбасыларына, сондай-ақ Ғалымжан Дүйсенов пен Индира Рахымбектің балаларына;
2) азаматшалар Абылова М.К. және Жолдасова Г. Қытайда баласын емдеу үшін;  
3) мүгедек болып табылатын азаматша Белгібаева Б.Ф., кекештіктен қолдайтын аппаратура, ортопедиялық аяқ киім, балаларға көзілдірік сатып алуға;
4) мүгедек болып табылатын азамат Тұрашев О., аяғына жасанды  протез сатып алуға;
5) азамат Саухат Ж.Б. Германияда қаралу және операция жасау үшін.
Сонымен «ҚазАгро» холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ардагерлер ұйымына олардың жарғылық қызметін қолдау үшін көмек көрсетілді.